Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +12°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +4°
  • Шымкент
    +20°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ШҚО Санитарлық авиация дәрігерлері баланың өмірін құтқарды

Алты жастағы баланы пневмониямен жедел түрде Күршімнен Өскеменге ұшақпен жеткізді

Каранитин шартында да республикалық Санитарлық авиацияның ШҚО филиалының дәрігерлері өздерінің жұмыстарын жалғастыруда.

Жақында бас дәрігер Рафаиль Халитов пен фельдшер Лариса Величко "Казавиаспас" ЕС-145 еврокоптер экипажымен бірге кезекті құтқару операциясын өткізді. Бұл жолы олардың көмегіне алты жастағы екі жақты пневмониямен науқастанып қалған балаға тиді. Баланың ата-аналары оны Марқакөлден Күршімге ондаға шақырымды артқа тастап жеткізді. Ал Күршімнен науқасты санавиация ұшағы Өскемендегі Ана мен бала орталығына жеткізді.

- Ауданда қажетті құрылғы мен мамандар болмағандықтан қалаға жеткізуге тура келді. Санитарлық авиация болмаса, бала тыныс ала алмау салдарынан көз жұмар еді, - деп мәлімдеді ШҚО Қоғамдық кеңестің денсаулық сақтау сұрақтары бойынша жұмыс тобының жетекшісі Татьяна Чернышова. – Қашықтан кеңес берген дәрігерлер: Ана мен бала орталығындағы бас дәрігердің орынбасары Халитова Мелания Менасовна, ШҚО санавиация бас дәрігері Халитов Рафаиль Равильевичтің біліктілігін де атап өткен жөн.

Уақтылы жеткен көмектің арқасында баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдайы қалыпты.
Следующая →