Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Air Astana сәуір айының аяғына дейін барлық рейстер тоқтатылатынын хабарлады

Бұл Нұ-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына келетін және шығатын барлық ішкі және халықаралық рейстерге қатысты

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Air Astana" сәуір айының соңына дейін барлық рейстерін тоқтатады. Тоқтатылған рейстерге билеттерді қайтару және қайта брондау бойынша өтінімдер кезекпен атқарылады, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Орындалмайтын рейстерге билет алған жолаушылар өз сапарының күнін не бағытын өзгерту үшін әуекомпаниясының Брондау және ақпарат орталығына байланысулары тиіс.

- 2020 жылғы 31 мамырға дейін және бастапқы ұшып кету уақытына 48 сағат қалғанға дейін рәсімделген қайта брондаудан ақша ұсталмайды, тек жаңа сатып алынған билеттер ақысының айырмасы шегеріледі не өтеледі. Брондау және ақпарат беру орталығына Air Astana сайтындағы Live Chat арқылы немесе call.center@airastana.com поштасына хат жазып байланысуға болады. 16 наурыздан 30 сәуірге дейінгі аралыққа сатып алынған билеттердің толық құнын қайтарып алу үшін де әуекомпаниясының сайтындағы үлгіні толтыру керек. 30 сәуірге дейін орындалмайтын рейстерге билеттерді қайта брондау немесе қайта өткізу жөніндегі сауалдардың бәрі кезекпен өңделетініне кепілдік береміз, - деп жазылған хабарламада.
Следующая →