Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде жер үйлер өртеніп жатыр

Демалыс күндері облыс орталығында екі өрт оқиғасы тіркелді

Бірінші төтенше жағдай 27 наурыз күні 10.55-те Мичуринец-2" сайжайында орын алды. Рябиновая көшесіндегі үй өртке оранды

- Үйдің ағаш төбесі, шатыры, жиһазы мен жеке заттары түгел отқа оранып, үй түгел үй ішін шарпыған, - деп мәлімдеді Өскемен қалалық төтенше жағдайлар бойынша басқарма.

Құтқарушылар өртті біреу қасақана қойюы мүмкін екенін де жасырмайды. Өрт сөндірушілер үй ішінен газ баллонын уақтылы алып шықты.

Келесі өрт оқиғасы 28 наурыз күні 15.40-та тіркелді. Жер үйдің есік алдындағы монша, шаруашылық нысандары өртке оранды. Жалпы өрт ауданы 20 шаршы метр. Құтқарушылар өрттің шығуына пешті салу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік техникалары сақталмағандыңын айтады.

Дәл сол күні 14.45-те Энтузиастар көшесіндегі көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтерде де өрт шықты. Балконның пластик бөлшектері мен жеке заттар жанып кеткен. Құтқарушылар өрттің шығуына отты абайсыз пайдалану себеп болуы мүмкін дегенді алға тартады. Үй иесі сол уақытта пәтерде болмаған. Зардап шеккендер жоқ, тұрғындарды эвакуациялаудың да қажеті болмады.


Следующая →