Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Шығыс Қазақстанның қалалары карантинге жабылмайды

ШҚО-дағы кеден бекеттерінде санитарлық-карантиндік посттар жұмыс істейді

Шығыс Қазақстанда коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Бүгінде облыстағы санитарлық қызмет үш бағытта еңбек етуде. Бірінші бағыт бойынша шетелден келген азаматтарға арнайы мониторинг жасалып отыр. Екінші бағытқа сәйкес Бақты мен Майқапшағай кеден бекеттерінде санитарлық-карантиндік посттар жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы аймақтық комуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаментінің басшысы Нұрланғазы Ибраев мәлім етті.

Брифингте басқарма басшысы коронавирустық инфекцияға қарсы дәрі-дәрмек қоры әзір тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ стационарларда сақтық шараларын күшейту мақсатында инфекциялық төсектер дайын тұрғанын жеткізді.

- Шығыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастар тіркелген жоқ. Осы мақсатта жауапты сала мамандары тиісті жұмыстарды атқарып жатыр, - деді Нұрланғазы Ибраев.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты облыстың бас санитар дәрігері аймақтағы барлық ауданда арнайы комиссия құрды. Бұдан бөлек өңір тұрғындарының жұмыс уақытына өзгерістер енгізілді. Брифингке қатысқан басқарма басшысы осылай деді.

Следующая →