Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Д. Ахметов: "Зайсандағы 42 Қытай азаматы 3 күн ішінде өз елдеріне жіберілуі мүмкін"

Даниал Ахметов 3 күн ішінде Үкіметбасымен аудандағы Қытай азаматтарын шығару мәселесін шешетінін айтты.

Зайсан халқы 19 ақпаннан бері Қытай Халық Республикасынан келген адамдарды 14 күн бойы өңірлік провизорлық стационарда оқшаулау шарасына наразылық білдіріп, бас көтерді.

Зайсанның Сарытерек және Айнабұлақ ауылдарында наразылыққа шыққан халықты басуға облыс әкімі Даниал Ахметов бастаған шенеуніктер келгенмен, аудан халқы түсіндіру жұмыстары болмағанын айтып, сенімсіздік білдіріп, шекарадан белгісіз азаматтардың өткенін алға тартады.
- Шекарадан ешқандай өзге елдің азаматтары өткен жоқ. Бірақ шекараның арғы жағында 5 зайсандық азамат тұр. Олардың денсаулығын 14 күн бақылау үшін Өскеменге алып кетеміз. Ал мұндағы 42 Қытай азаматын Үкіметбасымен ақылдасып, өз еліне жіберу шарасын шешеміз, тек 3 күн уақыт беріңіздер! - дейді Даниал Ахметов.
Оған көнбеген бір топ халық облыс басшылығымен бірге «Син-син» компаниясының жұмыскерлері тұрақтаған 9-базасына келіп, төлқұжаттарын өз көздерімен көріп, елден 3 сағаттың ішінде кетуін талап етуде.
Следующая →