Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Сағаттықтар ауызсу мен жолды айта-айта шаршады

Сасықкөлдің жағасына орналасқан, халқының саны 500-дей ғана шағын елді мекен 1997 жылдан бері Үржар ауданына қарайды. Бұл жерде кент деген бұрынғы атауы ғана. Бүгінде Қарақол ауылдық округіне апарып, "теліген"

Шын мәнісінде бұл жерде балық ауланғанымен, оны өңдейтін, қабылдайтын бірде бір кәсіпорын жоқ. Жергілікті жұрт балықты өздерінің күнкөрісі үшін ғана аулайды. Іргеңде ақ сазан шоршып жатса, аш қалу әлбетте, күнә. Сондықтан, "өзен жағалағанның өзегі талмайды" деген жұрт көлден балық аулап талғажу етуге мәжбүр. Өкініштісі, әлі күнге дейін билік тарапынан бұл өңірге оң көзқарас болмай тұр. Мүлде жоқ деуге болмайды әрине. Анда-санда келіп "еңірегенде етегі жасқа толған" елдің көз жасын сүртіп, "жұбатып" кетеді. Бұл жерде ауызсу жоқ. Өйткені Үржар ауданы әкімшілігінің Сағатқа "Таза су" бағдарламасына сай су құбырын тартып беруге шамалары жетпей отыр. Тек ауыл ортасында бір кездері мұнда "тіршілік көзі - су" болғанын айғақтайтын, кеңес дәуірінен қалған су мұнарасы тұр "мұңайып". Әсілі, билікке жұрт көзінен тасада "өз қотырын өздері қасып жатқан" мұндай ауылдың өркениеттен аулақ үні шықпай, жұртқа көрінбей жатқаны тиімді секілді. Оны айтасыз, сағаттықтар өздері шомылып, балық аулап, кір жуып жүрген көлінен су ішуге мәжбүр. Шамасы жеткендер ауызсуды округ орталығы Қарақол ауы-лынан алдырады.

Бұл өзі XXI ғасырда қайта рухани жаңғырып жатқан, 2050 жылы дамыған 30 елдің қатарына кіруге талпынып отырған біздер үшін тым ұят-ақ болды. Қарақол демекші, тікелей жүрсе 30 шақырым болатын бұл елді мекенге қыс ортасы тұр ғой жаз айларында қатынас болмай қалады да, жауын-шашын күндері екі ортаның жолы лай-батпаққа айналып, көлік атаулыны жүргізбей тастайды. Сағат халқы мұндайда батпақтан ілдебайлап, кент орталығынан 18 шақырым болатын "Алматы-Өскемен" тас жолына шығуға талпынады. Қыс айларында екі ортаның қарын күреп беретін жан болмағандықтан, жол жабық. Жазда жаңбырдан соң екі ортаның лайсаңы дегдігенше екі-үш күн тосуы керек. Одан әрі Қарақолға дейін 40-50 шақырым. Құдай бетін аулақ қылсын, кенеттен ауырып, сырқай қалса, ота қажет бола қалған жағдайда, жұрт қайтпек деп ойлайсың?! Ойлаудың өзі қорқынышты.

Кент өткен 20 ғасырда өмір сүріп жатқандай. Бірен-саран жекеменшік үйлер салынғаны болмаса, жаңа құрылыс жоққа тән. Осыдан 60-70 жыл бұрын саман кірпіштен салынған тоқал тамдар мен құлаған, қираған үйлер құдды ауған елінің бір қышлағында жүргендей әсерде қалдырады.

Шынында да Сағат кентінде жүріп, қарамағындағы шағын ауыл халқының әлеуметтік жағдайын ойлап бас қатырмайтын, қара басының қамы мен қалтасының қалыңдауын күйттейтін басшылар отырған жоқ па осы деген күдіктен арыла алмайды екенсің...

Следующая →