Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты неге қынжылады?

Көп жылдық еңбегі үшін мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанған Үржар ауданының тумасы Оразақын Сіләмжанов зейнетақысының өз қатарластарынан аз екеніне қынжылады

Үржар ауданының Қарабұлақ ауылындағы Оразақын Сіләмжанов деген ақсақалдың жасы 75-те. Кеңес одағының дәуірлеп тұрған шағында еселі еңбегімен ел ықыласына бөленген азамат еді. Сол тұста еңбегі де еленбей қалмады. Өзі III және II дәрежелі "Даңқ" ордендерінің кавалері.

Орекең ол тұста өсірген қойын әлденеше рет "Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері" ("ВДНХ") көрмесіне де қойып, әлденше рет "Алтын", "Күміс" медальдарды да иеленген. Бір кезде республикаға, одаққа танымал шопан одақ тарап, бәрі де жекеменшікке кеткен заманда отарынан қалған азын-аулақ малдың басын қосып, "Нұртас" шаруа қожалығын құрып, бүгінде өз алдына мал өсіруде. Өзі "Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының" иегері. Оған мына бір сарғайған қағаздағы жазулар куә. "Қазақстан Республикасының министрлер кабинеті жанындағы ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комитетінің" төрағасы 

Ө. Сұлтанғазин мен "Кәсіподақтар Федерациясы комитетінің" төрағасы Е. Жақсылықовтар қол қойған ҚР 1991 жылғы 30 желтоқсандағы №682 дипломы "Еңбектің прогресті әдістерін енгізу негізінде еңбекте жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін, мал шаруашылығының өнімін арттырғаны үшін... Семей облысы Мақаншы ауданы "Қарабұлақ" совхозының шопаны Оразақын Сіләмжановқа "Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы" табысталды. Бұл астанадан алыс түкпірде өзінің адал еңбегімен ел ықыласына бөленіп жүрген Сіләмжановтар әулеті үшін, қалаберді Мақаншы, Семей облысы үшін үлкен мәртебе болатын. Алайда, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, даңқты шопан Оразақын Сіләмжановтің алып отырған зейнетақысы бүгінде өте төмен. Осыған дейін 60 мың теңгенің маңайында ғана зейнетақы тиіп келсе, былтырдан бері ғана 70 мың теңге алады. Ұзақ жыл "ақ қар, көк мұз" жастанып, шопан таяғын тастамаған Оразақын ағаның жасы бүгінде 75-ке келді. Алты баланың әкесі, бірнеше немеренің атасы. Олардың бәрі де өз алдарына отау құрып, отбасыларын құрған. Ақсақал еңбегінің жемісін әбден көрер сәтте өмірлік жары бақилық болып, қанатынан қайырылғандай күй кешуде. Бүгінгі күні Үржар ауданының Қарабұлақ ауылдық округінде жалғыз ғұмыр кешіп келеді. Рас, балалары келіп, кір-қоңын жуып беріп, қамқорлықтарын көрсетіп тұрады.

Өзі қатарластар, өзінен де аз жыл қой бағып, зейнетке шыққандар 150 мың теңгеден астам зейнетақы алғанда ол кісінің неліктен аз алатыны бізге де түсініксіз. Оразақын ағаның өзі де осыны түсінбей дал.

Жуырда Үржар ауданының басшысы Серік Зайнулдин байырғы шопанның зарын тыңдап, айран-асыр болды. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының" лауреаты мұнша ғана зейнетақы алуы мүмкін емес, - деп тез арада тиісті бөлімге ақ-қарасын айыруға тапсырма берді.

- "Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына жылаймын", депті ғой бір бейбақ, - дейді қарттың өзі. - Тиісті орындарға менің зарымды жеткізсеңіздер екен. Өйткені зейнетақым төмен. Бар болғаны 70 мың теңгенің шамасында ғана. Мені елемеген, маған көз салмаған билік басындағылардың да ертең қартайғанда менің кебімді құшпасына кім кепіл?! Жан баласына өкпе артпаймын. Кәрі қойдың жасындай жасым қалғанда менің де өмір бойғы адал еңбегімнің жемісін жегім келеді, - деп мұңаяды ол кісі.

Иә, шынында да бір кездері еселі еңбегімен ел ықыласына бөленген осындай ардагер ағаларымызға бүгінде құрмет азайып бара жатқандай. Өйткені, мемлекет басшысының өзі де мұндай жандарға ықылас, қамқорлықты арттыру қажет екенін баса айтып келеді. Тек біздің тарапымыздан ғана қамкөңіл қартқа қамқорлық жетпей жатқаны анық.

Бір сөзбен айтқанда, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, III және II дәрежелі "Даңқ" ордендерінің кавалері Мәскеудегі "Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері" ("ВДНХ") көрмесінің әлденеше рет "Алтын", "Күміс" медальдарын иеленген Оразақын Сіләмжанов "Қарабұлақ" қой совхозына қырық жыл сіңірген адал еңбегінің өтеуін көргісі келеді...

Следующая →