Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Абайға арналған ән табылды

Абайдың 150 жылдық тойына арналып шығарылған әнді А.С. Пушкин атындағы кітапханашылар іздеп тауыпты

"...Уақыттың ызғары қатал шықты.

Сойқан сұмдық, содыр ой қатар шықты.

"Ұстарасыз ауызға түскен мүрттың"

Орынына ұсқынсыз сақал шықты..."

Осыдан ширек ғасыр бұрын жазылған ән табылды. Ұлы Абайға арналған ән мәтінін ақын Хамит Балшабеков, әуенін сазгер Серік Шөкенов жазған екен. Абайдың 150 жылдық тойына арналып шығарылған әнді А.С. Пушкин атындағы кітапханашылар іздеп тауыпты. Той қызуы тарқағвн соң ән де ұмыт қалыпты. Тіпті, ақынның 1994 жылы жазылған "Ұлылыққа жүгіну" атты өлеңі жыр жинақтарына да кірмепті.

– Сазгер Серік Шөкенов ағамыздың ұлы әнсүйер қауымның сүйікті әншісі, Нұржан Шөкенов (Апош) кітапханаға телефон шалып, өлең мәтінін тауып беруімізді сұраған. Сазы да, сөзі де керемет ән ақынның ешбір кітабынан таппадық. Жан-жақты іздеу барысында А.С. Пушкин атындағы кітапхана қорынан Тарбағатай аудандық газетінің 1994 жылғы санында жарияланған өлеңнің мәтіні абылды, – дейді кітапханашы Гүлбаршын Тілегенқызы.

Ұлттың ұлы ақынының тойы қарсаңында киелі кітапхана шаңырағы ауқымды жұмыстар атқарып жатқанын аңғаруға болады. Бұдан бірер күн бұрын ақынның 84 жыл бұрын жарық көрген кітабын тапқанын жазған болатынбыз. Осындай ізденістер мен игілікті іс-шаралардың арқасында ақын мұрасы толыға түсері анық.

Следующая →