Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка

Бобровка ауылында жоғалып кеткен бала табылды

Полицейлер Айдар Егізбаевты тапты. Ол тірі және сау. Бала қайда болды, әзірге белгісіз

Баланың табылғандығы туралы видео семейлік пабликтердің бірінде жарияланған – видеода баланы полиция қызметкерлері көтеріп тұрғандығы бейнеленген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

9 жастағы бала Айбар Егізбаевты іздеу сәтті аяқталды. Семей қаласы ПБ Әуезов полиция бөлімінің қызметкерлері бүгін таңертең Бобровка ауылының көшелерінің бірінде баланы тапты.

Қазір тәртіп сақшылары осы уақытқа дейін баланың қайда болғанлығын анықтап жатыр. Полиция қызметкерлері баланы ыстық шаймен тамақтандырып, ата-анасына қайтарды. Бала медициналық қызметкерлермен тексеріліп, оның өміріне еш қауіп жоқтығы анықталды.

ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, іздестіру жұмыстарына 1200-ден астам құтқарушы, еріктілер мен құқық қорғау қызметкерлері, сондай-ақ 50-ге жуық техника жұмылдырылды. Іздестіру шаралары ШҚО Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында болды, жұмылдырылған күштер мен құралдардың іс-қимылдарын үйлестіру үшін ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Жәнібек Қалетаев бастаған жедел штаб құрылды.

Іздестіру жұмыстарына ұшқышсыз ұшу аппараттары да тартылды. Екі күн бойы Бобровка ауылында барлық маңайлар мен саяжай алқабы тексерілді.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті барлық азаматтарға екінші сынып оқушысын іздестіруде белсенді көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреді.

- Еріктілердің үлкен санының арқасында іздеу периметрі кеңейтілді, бұл кәмелетке толмағанның орналасқан жерін тез арада анықтауға мүмкіндік берді, - деді ШҚО ПД баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазина.

Естеріңізге сала кетейік, бала 24 қаңтарда сағат 9.00-де Бобровка кентіндегі дүкенге кетіп, жоғалып кеткен болатын. LIDER.KZ еріктілері баланың болуы мүмкін ауданның бүкіл жерін аралап, Айдардың суретімен бағыттау парақтарын жабыстырып шыққан. Тәртіп сақшылары ШҚО Полиция департаменті іздестіру ісін бастап, белсенді ізденістер ашты.



Следующая →