Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Уәде етілген саябақ қашан пайда болады?

Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа демалыс орнын 19-шы шығын ауданда Көкжал Барақ, Уәлиев және Ілияс Есенберлин даңғылдарының қиылысында тұрғызуға тиіс болатын

Екі жыл бұрын Өскемен билігі 2019 жылы қалада тағы бір саябақ пайда болады деп уәде берген. Бірақ бұл іс жүзеге аспай, аталған орын бос қалды. Осылайша уәденің орнында қазір қазба жұмыстарынан шыққан жер асты суы көл болып жатыр.

Облыс әкімі Даниал Ахметовке 19-шы шағын ауданды абаттандырудың кешенді жоспарын таныстыру үшін осы ауданның тұрғындарымен кездескен еді. Осы сәтті пайдаланған кейбір тұрғындар саябақ мәселесімен де жүгінді.

- Мен осы шағын ауданда 2013 жылдан бастап тұрамын. Жаңа бағдарламада көптеген артықшылығы мен кемшілігі де бар екен. Қарап отырсам, бұл жобалар арасында Көкжал Барақ көшесіндегі саябақ туралы жоқ әлде ол туралы ұмытып кеттіңіздер ме? Былтыр сол саябақты салып беруге уәде берген болатынсыз, - деп аймақ басшысына Роза Ахметова сауал тастады. - Біз мұнда да ойнауға және демалуға болатын орын пайда болғанын қалар едік.

Даниал Ахметовтің айтуынша, қазіргі уақытта жоба әзірленуде, ал құрылыс 2021 жылы басталады.

- Мен бұл уәдені жақсы білемін, бірақ биыл да емес, тек 2021 жылы саябақ салынады, - деп жауап қайтарды облыс әкімі.

Айта кетейік, билік 19-шы шағын ауданындағы тұрғын үй массивінің келбетін түбегейлі өзгертіп, ол үшін бюджеттен 1,3 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсауды жоспарлап отыр.

Следующая →