/ Усть-Каменогорск и ВКО

Оңтүстіктен соққан жел ертең ШҚО-ға боран әкеледі

Соңғы аптада қарлы боран бүкіл елді жауып қалды. ШҚО-да да қазір қолайсыз ауа райы сақталып отыр
23 қаңтар 2020 года, 17:09 3301 Алексей Сафонов
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Завтра южный ветер принесет в ВКО сильную метель и гололедицу
Ақпарат көзі: © Устинка LIVE Фото: © hotxoom.com

Үйлерді шатырына дейін қар басып, жолдар жабылуда. Жол-көлік оқиғалары жиілеп, коммуналды мекеме қызметкерлері жолдарды қардан тазартып үлгермей жатыр.

24 қаңтар күні облыстағы тағы да қар жауып, боран болады деп күтілуде. Жел екпіні 23-28 м/сек жетеді

Өскемен қалалық төтенше жағдайлар бойынша басқарма мамандары тұрғындарға өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарап, қала сыртына шықпауға кеңес береді.

Қолайсыз ауа райын пайдаланып біреулер ақылсыз айла ойлап тауып, жалған ақпарат таратып жүр. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны әкімшілік атынан хабарлама жазған. Әлі нақты кім екені анықталмаған. Ол хабарламада жақын күндері барлық мекемелердің, тек кейбір мекемелерден басқа, жұмысы тоқтатылады деген. Бірақ қала әкімі Алтай Күлгінов әкімшілік тарапынан бұндай тапсырма берілмегенін айтты.


Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз