Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да 80-нен астам шетелдік көлік иесі полицейлерден кеңес алды

Өңірде "Жолдағы қабылдау" және "Аулалардағы қабылдау" акциясының кезекті кезеңі өтуде

Өскеменде азаматтарды қабылдауды ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Жанболат Қалетаев және әкімшілік, көші-қон полициясы мен жергілікті полиция қызметінің аға басшы құрамы жүзеге асырады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2019 жылы тек қана видеофиксацияның автоматты жүйесі арқылы 2800-ге жуық шетелдік автокөліктерді иеленетін жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзғандығы анықталды. Ал оның 905-і төленді.

Акцияға келген азаматтар мен әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды (сонымен қатар интернет-пайдаланушылармен тікелей эфир ұйымдастырылды - ескерту. авт.) Қазақстанда шетелдік автокөліктерді тіркеу мәселесі толқытты.

- Әкімшілік полиция қызметкерлері Online режимінде Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік нөмірлері бар автомобильдерде жүріп-тұруын реттейтін "Жол жүрісі туралы" ҚР Заңының нормаларын түсіндірді, - деп атап өтті ведомствода. - Өңір тұрғындары көбінесе Ресейде сенімхат бойынша сатып алынған автокөлікті Қазақстандықтардың тіркеу және одан әрі пайдалану мәселелерін түсіндіруді сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, тәртіп сақшылары бүгін, 18 қаңтарда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін кеңес береді. "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде, тұрақты бекеттерде және полиция басқармалары мен бөлімдерінің азаматтар үшін қабылдау бөлмелерінде (фронт-кеңселерде) Мобильдік қабылдау бөлмелері ұйымдастырылды.

ШҚО ПД ақпараты бойынша, өткен жылы "Жолдағы қабылдау" және "Ауладағы қабылдау" акциясының 9 кезеңінде полицейлерге кеңес беру үшін 5 822 азамат жүгінген.
Следующая →