Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Көлік басқаруға рұқсат беретін куәлігі жоқ, оның үстіне мас күйінде көлік тізгіндеген ер адам жол-көлік апатына себепкер болды

Оқыс оқиға 12 қаңтар күні Өскемен қаласындағы Бажов көшесі бойында орын алған. 44 жастағы қала тұрғыны тізгіндеген Mercedes көлігі Mitsubishi көлігіне соқтығысқан.

Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, тексеріс кезінде апатқа себепкер болған азаматтың мас болғаны анықталды. Оның үстіне, ол дәл осылай мас күйінде көлік жүргізгені үшін 2018 жылы жүргізуші куәлігінен 3 жылға айырылған екен.

- Оған қатысты ҚР ҚК 346-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол енді алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - дейді Өскемен қалалық Полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Даур Ибраев.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мас күйінде көлік тізгіндегендерге тағайындалатын жазаны қатаңдату туралы заң күшіне енген.

Следующая →