Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Көпбалалы ана дабыл құрылғысының көмегімен аман қалды

Түтін шықса, дабыл беретін құрылғы Абай ауданындағы бес баланың анасын құтқарып қалды

Облыстық ТЖД мамандары әлеуметтік әлсіз топқа жататын отбасылардың үйлеріне иіс газын анықтайтын датчиктерді орнатуда.

Бұл санатқа тек көпбалалы және аз қамтылған отбасылар жатпайды, сонымен қатар мүгедек жандар, қамқоршысы жоқ қариялар, әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар да жатады. Осындай отбасылар облыс бойынша - 11 492.

Мәселен, Қарауыл ауылында бес баланы жалғыз өзі асырап отырған ана бар. Құтқарушылар өткен жылдың желтоқсанында бұл отбасының үйіне осындай құрылғы орнатып берген. Жақында сол құрылғының арқасында отбасы аман қалды.

- Күндіз құрылғы дабыл қаққан. Қауіпті сезген отанасы пешті тазалаған. Пешті тазалау барысында анықталғандай құдықтары бітеліп қалған екен, - деп мәлімдейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Бұл отбасыдан өзге дер кезінде орнатылған құрылғы Бородулиха ауданындағы Песчанка ауылының қарт тұрғындарының бірінің де өмірін аман алып қалды. Қатты дабыл дыбысы шырт ұйқыда жатқан қарияны оятқан. Ол дереу құтқарушыларға хабар беріпті. Жылдам жеткен құтқарушылар үй ішінен түтін исін сезген. Пештің жоғарғы жағында қақ тұрып, түтіннің сыртқа шығуыан кедергі келтіріп тұрған екен.

Жаңа жылдың екі аптасында осындай төрт оқиға тіркелген. Облыс құтқарушылары осы күнге дейін 1647 үйге дабыл құрылғысын орнатып үлгерді.



Следующая →