Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Зейінді ұрпақ - болашақ зейнеткер

Жастық шақта бейнет бер, қартайғанда зейнет бер" дейді халық даналығы. Қара ормандай халықтың жүрек түкпірінен айтылған бұл сөзде ағаттық жоқ. Жалындап тұрған жас шағында еңбектің нанын жеген әр адамның ертеңі баянды болмақ

Қазақстан Республикасы көршілес мемлекеттер арасында зейнетақы жүйесін алғашқы болып енгізді. 1997 жылы "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңы қабылданды. Енді барлық атқарылған іс-әрекеттер белгіленген заң аясында жүзеге асты. 1998 жылдан бастап елдің әр азаматы айлық табысының 10 пайызын зейнетақы жарнасына аударып отырды. Әлемдік саяси һәм экономикалық үрдіске қосылған жас мемлекет қолға алған өзгеріс өз нәтижесін берді. Еңбекке жарамды азаматтар зейнет жасына дейін жұмыс істеп, болашағы үшін ақша жинай бастады. Ел халқы Үкімет бастамаларын қолдап, зейнетақы жүйесінің тиімді боларына сенім білдірді. 2013 жылы 31 шілдеде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы" Үкімет қаулысы қабылданды. Қазақстан Республикасы Үкіметі қордың құрылтайшысы және акционері болды. Зейнетақы қорының активтерін басқару Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне тапсырылды.

Өз болашағыңызға қаржы жинаңыз!

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі Чили мемлекетінің зейнетақы жүйесіне негізделіп жасалды. Десе де елімізде зейнетақы жүйесінің барлық моделдері тікелей көшірілген жоқ, негізгі басым бағыттары ғана қолданысқа енді. Қос мемлекет те өз аумағында зейнетақы жүйесін халық игілігіне пайдаланды және реформаны сәтті жүзеге асырды.

Қазіргі уақытта елімізде көп деңгейлі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі жұмыс істейді. Атап айтсақ, мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық ортақ зейнетақы, міндетті зейнетақы жарнасы (10%), міндетті кәсіптік зейнетақы (5%) және ерікті зейнетақы жарналары төленеді.

Нарықтық экономикалық әлеуеті дамыған елдердің жастары 18 жастан асқаннан кейін болашағына қаржы жинай бастайды. Экономикасы қаз-қаз басып аяққа тұрып келе жатқан қазақ жастары да осы мақсатқа ұмтылуы тиіс. Көзі ашық, көкірегі ояу әр адамның бүгінмен ғана өмір сүруі дұрыс емес.

- 2018 жылы шілде айынан бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне қарай есептелуде. Жинақтаушы зейнетақы қорына жиналған зейнетақы жарнасы ескеріледі. 1998 жылдың қаңтарына дейінгі де, кейінгі де еңбек өтілі есепке алынады. Егер еңбек өтілі 10 жылдан кем не мүлдем болмаған жағдайда, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызы тағайындалады. 2018 жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 28 284 теңге болды. Бұл жердегі 28 284 теңгенің 54% - 15 273 теңге болып шығады. Еңбек өтіліңіз болмаса осы қаражатты аласыз. Ал егер еңбек өтілі 10 жылдан асатын болса, әр жыл үшін 2% үстеме қосылады. Егер еңбек өтілі 20 жыл болса, ең төменгі өмір сүру деңгейінің 74%, ал 30 жылға 94 пайызы көлемінде тағайындалады. Жалпы еңбек өтілі 35 жыл болғанда ғана, базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі өмір сүру деңгейінің 100% көлемінде берілетін болады, - дейді стратегиялық даму департаментінің бас маманы Айжан Темірлан.

Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 6 айға ұзарып, 59 жас болып бекітілді. 2027 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы ерлермен теңесіп 63 жасты құрайды. Кейбір азаматтар 55 (ер), 50 (әйел) жаста да зейнетке шығуға болатынын білмей жатады. Ол үшін сіз ерікті зейнетақы жарнасын өз қалауыңызбен Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорына сақтауыңыз қажет. Мысалы: ай сайын 128 мың теңге жалақы алатын 40 жастағы ерлер мен әйелдер ақшасының 7 пайызын ерікті зейнетақы жарнасына аударуына болады. Есесіне зейнет жасына жеткен уақытта алмастыру коэффициентін ерлер 42,7 пайыздан 50,2 пайызға, ал әйелдер 40,2 пайыздан 48,2 пайызға ұлғайта алады.

Елу жаста да зейнетке шығуға болады

Түрлі шұғыл қажеттіліктерге байланысты адамдар Бірыңғай зейнетақы қорындағы ақшасын алғысы келеді. Алдын ала жинаған қаражатын алуға мынадай адамдар құқылы. 50 жасқа толған 12 млн теңге ерікті зейнетақы жарнасы бар, мүгедек-кемтар адамдар, ел аумағынан тыс жерге кеткен немесе кеткісі келетін мемлекет заңнамасында айқындалған азаматтар ала алады. Сонымен қатар, кету ниеті мен дерегін растайтын құжаттарын ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ерікті зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқылы. Әйел азаматтар арасында Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендер, 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде төтенше және жоғары радиациялық қауіпті аймақта тұрған азаматшалар, бес және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген 53 жастағы әйелдер зейнетке ерте шығады.

- Соңғы кезде жұртшылық тарапынан "зейнетақымызды уақытынан бұрын алып пайдалануға бола ма?" деген сұрақ жиі қойылып жүр. Халық үй алуға, баласының оқуына немесе басқа да қажеттіліктер үшін зейнетақысын ертерек алғысы келеді. Бұл мәселе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының халқына жолдауынан кейін көтерілді. Қазір Президент тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылып, жұмыс жасап жатыр. Оның құрамында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Ұлттық банктің, Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорының және басқада жауапты мекемелердің мамандары бар. Бұл түйткілді мәселе жылдың соңына дейін немесе келесі жылдың алғашқы тоқсанында шешілуі мүмкін, - дейді Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорының жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Қадыржан Забих.

Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын белсене жүргізіп жатыр. 2019 жылдың өзінде 30 мыңнан астам жаңалық газет-журнал, сайт, радио-телеарналарда көрсетілген. Қор салымшылары үшін Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры АҚ сайты жұмыс істейді. Барлық түсініксіз сұрақтар болса, осы жерден толық ақпарат алуға болады. Тіпті, сіз сайттағы өз жеке кабинетіңізге өтіп өзіңізге аударылған ай сайынғы зейнетақы қаражатын көріп отыра
аласыз.

Следующая →
Тақырыптар: Зейнетақы ҚР БЗЖҚ