Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Отшашу опық жегізбесін десеңіз, арнайы орыннан ғана алыңыз

Жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын пиротехникалық өнімдердің саудасы қыза түседі

Тұрғындар отбасы мен балаларына мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін арнайы рұқсат алмаған саудагерлерден отшашуларды сатып алып жатады. Бұл ағаттық нәтижесінде жыл сайын оқыс оқиғаның саны артпаса, кеміген жоқ.

- Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес көпқабатты үйлердің тұрғындары самалдыққа шығып отшашу ататын болса, 434 бап бойынша хаттама толтырылып сотқа жіберіледі. Егер азаматтар заңсыз пиротехникалық өнімдерді рұқсатсыз сатса, өнімі тәркіленіп сараптамаға жіберіліп, өзі әкімшілік жауапқа тартылады. 17 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында пиротехникалық өнімдерді сататын орындарға тексеріс жүргізіледі, - дейді Өскемен қаласы полиция басқармасының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторы Айдар Манженов.

Қазіргі уақытта Өскемен қаласы бойынша "Дос-нар" және "Арзан" сауда орталықтарына пиротехникалық өнімдерді сатуға рұқсат берілген. Мереке жақындаған сайын сауда нүктелерінің саны арта түсері анық.

- Жылдам тұтанатын жарылғыш заттарды балаларға сатуға және беруге болмайды. Әр адам отшашуларды нұсқаулық бойынша пайдаланғаны дұрыс. Тұрғындар арнайы сатуға рұқсаты бар тұлғалардан сатып алуы қажет, - дейді Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқарма бастығының орынбасары Серік Амангелдин.

Мереке күндері жасанды шыршалар қолдану да өте қауіпті. 24 сағат бойы электр қуатына қосылып тұрса өрт шығуы мүмкін. Апаттық жағдай көбінесе электр желісіне мөлшерден тыс жүктеме түскенде орын алады.

Следующая →