Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Жылытқыш пеш салдарынан өрт шықты

Жексенбі күні Риддер қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды

Юбилейная көшесіндегі төртқабатты тұрғын үйден өрт шыққан. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 26 адамды, оның 8-і – балалар, далаға алып шықты. Бірақ олардың арасында өрттің шығуына себепке болған 84 жастағы қария өртті өзі өшірмек болып, құтқарушыларға қарсылық танытқан.

- Құтқарушылар оны көндіріп, далаға алып шыққан. Бірден дәрігерлер қолына табысталды. 10 минут ішінде өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтап үлгерді. Зардап шеккендер болған жоқ, - деп мәлімдеді Риддер қаласындағы ТЖБ мамандары.

Анықталғандай, әже диванның жанына жылытқыш пеш қосып қойған екен. Соның салдарынан өрт шыққан.

- Егер өрт шықса, бірден 101 немесе 112 нөмірі бойынша өрт сөндіру қызметіне хабарлау керек. Егер жалын үйді түгел шарпып, түтін исі жайыла бастаса, ештеңеге қарамастан, далаға шығуға тырысыңыз, - деп еске салады мамандар.

Следующая →