/ Усть-Каменогорск и ВКО

Шатырға қатқан мұздан абай болыңыз

Түнгі және таңғы ауа температурасының ауыспалылығы салдарынан қала тұрғындары үшін тағы бір қауіп төнді
09 желтоқсан 2019 года, 13:47 275 Алексей Сафонов
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Устькаменогорцев просят опасаться сосулек
Ақпарат көзі: © Устинка LIVE Фото: © В.Иванов/Устинка LIVE и УЧС Усть-Каменогорска

Өскемен қалалық ТЖ бойынша басқармасы қала тұрғындарының қауіпсіздігіне алаңдаулы. Құтқарушылар тұрғындарға көпқабатты тұрғын үйлер маңынан өткенде абай болуды ескертеді. Өйткені шатырға қатқан мұз қауіпті.

- Бұндай құбылмалы ауа райында осындай қауіп бар тұрғын үйлерге тым жақын жүұрмеңіздер. Көлік, арбаны терезе астына қалдырмаңыздар. Таспамен белгіленген аумақтарға кірмеген жөн. "Кіруге болмайды!", "Қауіпті аймақ!", "Қар мен мұз құлау қаупі бар!" деген ескертпелерге қатаң назар аудару керек, - деп ескертеді мекеме.

Ғимарат маңынан өтіп бара жатып күдікті шу естісеңіз, тоқтап, жоғары қараудың қажеті жоқ. Сіздің үстіңізге мұз құлап келе жатуы әбден мүмкін. Оның орнына ғимаратқа жылдам жабыса қалыңыз. Ересектер балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек.

Шатырға қатқан мұздан абай болыңыз
Шатырға қатқан мұздан абай болыңыз
Шатырға қатқан мұздан абай болыңыз
Шатырға қатқан мұздан абай болыңыз
Шатырға қатқан мұздан абай болыңыз
Шатырға қатқан мұздан абай болыңыз

Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз