/ Усть-Каменогорск и ВКО

Үш күн ішінде 8 өрт оқиғасы орын алды

30 қараша мен 3 желтоқсан аралығында облыс орталығында үш монша, бір көлік, піскен нан өнімдерін сататын бір дүңгіршек өртке оранды
03 желтоқсан 2019 года, 13:16 497 Алексей Сафонов
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - За 3 дня в Усть-Каменогорске произошло 8 пожаров
Ақпарат көзі: © Устинка LIVE Фото: © УЧС Усть-Каменогорска

Сенбі күні Буров көшесіндегі үйдің 3-қабатындағы пәтерден өрт шықты. Ондағы келіншек пен баласына иіс тиіп қала жаздады. Өрт сөндірушілер олардан өзге тағы 12 тұрғынды далаға алып шыққан.

Кейін Игілік көшесіндегі жер үйге жалғай салынған бөлмеаралық қалқа отқа оранған. Сонымен қатар, бұл күні екі моншада өрт шықты.

Құтқарушылардың айтуынша, көп жағдайда адамдардың өздері кінәлі. Қалалық ТЖБ мәліметтері бойынша, өскемендіктер электр құрылғыларын немесе пешті пайдалану, жөндеу кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамайды.

Келесі күні тағы бір монша өртенді.

- Моншадан өрт шығудың басты себебі – пеш өңешінің бітелуі. Сонымен қатар, пештің дұрыс салынбауынан да болады. Орнықты болады деп құбырды ағаш діңгектен тұрғызып, оның арасындағы саңылауларды монтаж көбігімен бітеуге тіптен болмайды. Ол от жанған кезде тұтанып кетеді, - деп тұрғындарға ескерту жасады мекеменің баспасөз қызметі.

Сол күні кешкісін Теміржолшылар көшесінде шаруашылық нысаннан өрт шықты. Ал келесі күні жүріп бара жатқан "Daewoo Нексия" көлігінің құрылғылар панелі өртенген. 

Ал дүйсенбі күні нан өнімдерін пысырып сататын дүңгіршекте өрт шығып, салдарынан тоңазытқыш пен сауда құрылғысы істен шыққан.


Үш күн ішінде 8 өрт оқиғасы орын алды
Үш күн ішінде 8 өрт оқиғасы орын алды
Үш күн ішінде 8 өрт оқиғасы орын алды
Үш күн ішінде 8 өрт оқиғасы орын алды
Үш күн ішінде 8 өрт оқиғасы орын алды
Үш күн ішінде 8 өрт оқиғасы орын алды
Үш күн ішінде 8 өрт оқиғасы орын алды
Үш күн ішінде 8 өрт оқиғасы орын алды

Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз