Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен қаласының 198 жанұясы пәтер иеленді

Тұңғыш Президент күні қарсаңында ЖМК шағын ауданында көптен күткен тұрғын үй кілттерін қала әкімі Жақсылық Омар тапсырды

Жаңа пәтерлер "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында салынған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Әл-Фараби даңғылы, 40 үйде кезекте тұрғандар қоныс тойын тойлады, олардың арасында көп балалы аналар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жарымжан жандар және халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарының басқа да азаматтары бар.

- "Нұрлы жер" бағдарламасы бүкіл ел көлемінде тұрғын үй мәселелерін шешеді. Тек Қазақстандық Ипотекалық Компания желісі бойынша ғана 4 жыл ішінде 18667 қазақстандық отбасы пәтермен қамтамасыз етілді, - деді "Қазақстандық Ипотекалық Компания "ИҰ" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айсұлтан Ақшурин. - Тұңғыш Президент күні қарсаңында кезекте тұрғандарға 36 бір бөлмелі, 117 екі бөлмелі, 45 үш бөлмелі пәтер кілттері тапсырылды.

Кейбір тұрғындар үшін қоныс көптен күткен және бақытты сәт болды. Гаухар Нұрханова №36 орта мектепте педагог-психолог болып жұмыс істейді және екі баланы жалғыз өзі тәрбиелейді. Тек нәзік жандының ұлына күрделі гидроцефалия мен артқы Spina bifida диагнозы қойылған.

- Мен үшін жеке пәтер - бұл біздің жайлы ұя, онда махаббат, өзара түсіністік және бір-біріне қамқорлық жасау бірінші орында, - дейді Гаухар Нұрқанова.

Следующая →