Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да аңшылар қасқырларды атуды бастады

Әзірге Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері Тарбағатай ауданындағы жыртқыштарды жойды

Осы жылы облыс бойынша қасқырлар саны мыңнан асып түсті, оның ішінде 478 бас атуға жарамды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шағымдардың басым бөлігі аймақтың далалы аудандарынан келіп түседі. 7-10 қараша аралығында инспекторлық құрам, қорықшылық қызмет және аңшылар қатарынан төрт экипаж Тарбағатай ауданы Ахметбұлақ ауылына аттанды. Өткен айдың басында сұр қарақшылар ауданның екі ауылдық округтерінде үй малына шабуыл жасап, 170 бас малды тартып кеткен.

- Аталған елді мекен Мемлекеттік шекараның инженерлік құрылыстары жүйесіне жақын орналасқан, одан тыс қасқырлар мекендейді, - деп хабарлады ШҚО Аумақтық инспекциясында. - Әзірге бір қасқыр атылды.

Жыл соңына дейін инспекция өкілдері Тарбағатай ауданы аумағында қасқырлар санын реттеуді жалғастыруды жоспарлап отыр.

Следующая →