/ Усть-Каменогорск и ВКО

Тілемсектер полиция қызметкерлерінің жіті бақылауында болады

Өңірде қайыр тілеумен айналысып жүрген жасөспірімдерді анықтау үшін жедел алдын алу шаралары басталды
09 қараша 2019 года, 18:11 616 Анна Коцарева
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Попрошайки попадут под пристальное внимание полиции в ВКО
Ақпарат көзі: © Устинка LIVE Фото: © relrus.ru

"Қайыршы" жедел алдын алу шарасы 16 қарашаға дейін созылады, деп хабарлады Устинка LIVE тілшісі.

- Шараның басты мақсаты – кәмелеттік жасқа толмаған балалардың көшедегі өткен-кеткендерден қайыр тілеп, әр түрлі қызметтерін күштеп таңу сынды әрекеттердің алдын алу, анықтау және болдырмау, - деп хабарлайды ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. - Акция білім беру және халықты әлеуметтік қорғау органдарымен бірге ұйымдастырлуда.

Балалардың қайыр тілеп жүргендері анықталса, Полиция департаменті арнайы құқықтық шаралар қолданатын болады:

  • қараусыз және панасыз жүргендерді білім беру органдарының Бейімдеу орталықтарына орналастыру;
  • балаларының қайыр тілеп жүргені үшін олардың ата-аналары мен заңды өкілдерін әкімшілік жауапқа тарту;
  • ҚР талаптарын бұзған азаматтарды елден шығару шараларын қолдану;
  • балалар құқығын бұзған ата-аналарға қатысты материалдарды жергілікті атқарушы органдар жанындағы жасөспірімдер және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберу.



Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз