ШҚО-да куәлігі жоқ мас жүргізуші тәртіп сақшыларының қолына түсті
Жүргізуші куәлігі жоқ, онымен қоймай мас күйінде көлік тізгіндеген азамат жол-көлік апатына ұшыраған
27 жастағы құқықбұзушыны Күршім ауданының полиция қызметкерлері құрықтады. Анықталғандай, ол бір ай бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған екен.
- 6 қараша күні 21.40 шамасында ВАЗ 21110 көлігін тізгіндеген азамат рөлге ие бола алмай тірек бағанасына соғылған, - деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. - Қазіргі уақытта мамандар келген шығын көлемін анықтауда.
ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.