Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендегі жаңа АвтоХҚКО жұмысын бастады

Бүгін Абай даңғылы бойында орналасқан автожүргізушілерге арналған мамандандырылған орталық өз жұмысын бастады

Жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығы 4 қараша күні ашылуы керек еді, кейін 6 қарашаға ауыстырылды. Бірақ ЖМК ауданындағы ХҚКО Абай даңғылы, 203/3 мекенжайына бүгін ауыстырылды.

- Жаңа мекенжайы ыңғайлырақ, қызмет көрсететін терезелері де көбірек. Тек бүгін таңертең техникалық ақаулар болды. Сол үшін емтихан тапсыра алмай қалдық. Бірақ келесі жолы да тапсыруға болады, - дейді қала тұрғындарының бірі Надежда.

Орталық басшысы техникалық ақау бойынша түсінік беруге уәде етті. Дегенмен орталық қызметін жаңа ғана бастағандықтан бұндай олқылықтар болуы айып емес. Не дегенмен енді жүргізушілер сағаттап сарылып кезек күтпейді.

Бұған дейін "Азаматтарға арналған үкімет" МК" ҰАҚ баспасөз қызметі жаңа орталықта 50 орындық көлік тұрағы, ғимарат ішінде қызмет көрсететін орындар саны көп болатындығын мәлімдеген.

Мамандандырылған ХҚКО күнделікті, жексенбіден өзге күні, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі асқа үзіліссіз жұмыс істейді. Құжаттарды рәсімдеу қызметі – 18.30-ға дейін көрсетіледі. Енді Мыза, Қазақстан көшелеріндегі ХҚКО-да бұрын автожүргізушілерге көрсетілетін қызмет енді көрсетілмейді.



Следующая →