Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендегі барлық жарнамалық конструкцияларды алып тастайды

Тауар немесе компания жайлы жарнамалық материалдар енді әдеттегідей билбордтарда емес, LED-экрандардан көрсетілетін болады

Осыдан екі жыл бұрын Өскемен қаласындағы билік өкілдері қала көркін бұзып тұрған ұсқынсыз жарнама тақтайшалары мен билбордтарды алып тастайтындықтары туралы айтқан.

Осы уақыт аралығында облыс орталығындағы жарнамалық тақтайшалардың 90%-ына жуығы демонтаждалды. Қала басшысы Жақсылық Омардың айтуынша, жарнамалық тақтайшалардың иелерінің бұл жаңашылдыққа көңілдері толмайды.

- Біз кәсіпкерлерге жер құжаттарын рәсімдеп, заманауи медиа-блоктарды орнатып, ақша табуды ұсындық. Бірақ олар қаламайды, - дейді Жақсылық Мұқашұлы. - Жақында ғана 22 жарнамалық құрылымды демонтаждау бойынша сот аяқталды. Сотта біз жеңдік, бір ай өткеннен кейін олардың барлығын өзіміз алып тастаймыз. Олардың орнына LED-экрандар қоямыз да, экраннан фото және видеожарнама берілетін болады.

Следующая →