Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде суретшілерге арналған конкурс өтеді

Шығыс Қазақстан облыстық Пушкин атындағы кітапханасы суретшілерге арналған конкурс өткізеді

"Бақытты балалық шақ суретшінің көзімен" байқауына 25 қарашаға дейін жұмыстар қабылданады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Жеңімпаздарды 1 желтоқсанға дейін анықтайды. Ең жақсы жұмыстармен кітапхананың Балалар секторының холы безендіріледі. Ақшалай сыйақылар мен ынталандыру сыйлықтары қарастырылған.

- Орындаудың ерекше түрі: сюжет, балалар ертегілері мен өнер туындыларының кейіпкерлері және тағы басқа құпталады, - деп хабарлайды ұйымдастырушылар. - Бұл балалар үшін танымға, кітаптар мен шығармашылыққа қызығушылықты оятатын көркем жұмыс болуы керек.

Бейнелеу өнерінің әртүрлі түрлері: кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, фотосурет, бейне-арт, көркем нысандар, макеттеу және т.б. қарастырылады. Маймен, акварельмен, тушьпен, түрлі-түсті қарындашпен, борлармен және кез келген басқа тәсілмен сурет салуға болады. Конкурсқа бірнеше жұмыс ұсынуға да болады. Олар жақсы безендірілуі және ұқыпты болуы керек. Қонкурсқа 16 жастан асқан барлық тілек білдірушілер қатыса алады.

Қазылар алқасы идеяның бірегейлігін, шығармашылық шешімнің дәлдігі мен айқындылығын, ықшамдылығын, мазмұнның тұжырымдалған тақырыпқа сәйкестігін бағалайды.

Жұмысты кітапханаға мына мекенжай бойынша: Қазақстан көшесі, 102 немесе электрондық мекенжайға жіберуге болады: pushkinlibrary@yandex.kz.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 26-13-33, 8-705-186-35-86 немесе 8-705-541-25-25.

Следующая →