Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Алғашқы қар жауғанда дәріленеді

Тек биыл ғана Күршім ауданында маса-шіркейді жою үшін 10 млн тенге бөлініп, жұмыстар қолға алына бастады

Ал мамандар бөлінген қаржыны толықтай игеру үшін алғашқы қардың түсуін күтіп отыр.

- Кеңес одағы ыдырап, еліміз егемендік алғаннан бергі кезенде бірде бір рет Ертіс бойында орналасқан ауылдар маңында қансорғыш жәндіктерді жою мақсатында іс-шаралар жүргізілмеген еді. Биыл бірінші рет осындай жұмыстар жасалды. Енді нәтижесі бір күнде болып кетпейді. Сондықтан әлі де ол жұмыстарды біз жалғастыруымыз керек. Бірақ атқарылған жұмыстар нәтіжесінде маса біраз болсын, азайды деп айта алмын. Ал шіркей биыл мүлде болған жоқ деп айтуға болады, - дейді Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов.

"Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету" бағдарламасы аясында биыл Күршім ауданына облыстық бюджеттен 10 млн теңге қаражат бөлініп, ауданның маса мен шіркейге толы Боран, Қалжыр және Марқакөл ауылдық округтерінде дәрілеу жұмыстары атқарылған еді. Себебі жаз шықса, Күршім ауданының аталмыш ауыл тұрғындарына шыбын-шіркей маза бермейді. Тұрғындар қансорғыштардан қорғану үшін денеге арнайы май жағып, тіпті, көшеде бет-аузын тұмшалап жүруге мәжбүр.

- Масалармен күрес жұмыстары 4 рет қайталанып жасалады. Бүгінгі күні 3 рет кішігірім шалшықтар мен су тоғандарының айналасы түгелдей дерлік арнаулы препараттармен дәріленді. Соңғы дәрілеу алғашқы қар жауған уақытта жасалады, - дейді әкім.


Следующая →
Тақырыптар: Күршім Маса Дәрілеу