Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Аягөз және Алтай қалаларында медициналық туризмді енгізуді жоспарлап отыр

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кеңесте Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Раифа Сафиоллинова мәлімдеді.

2018-2019 жылдары аймаққа Қытайдан, Ресейден, Өзбекстаннан 145 шетелдік туристер және басқа аймақтардан 600-ге жуық науқас келіп ем-дом алған. Роботты хирургия, трансплантология, гибридті нейрохирургия, көз микрохирургиясы және басқалары орталықтардың жұмысы келушілерді қызықтырады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
- Біздің облыста медициналық туризмді дамыту үшін барлық алғышарттар жасалған, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Раиф Сафиоллинова. - Облыста сегіз жоғары технологиялық орталықтар жұмыс істейді, заманауи емдеу технологиялары енгізілді, клиникалар заманауи құрылғылармен жабдықталды, шетелдік әріптестердің тәжірибесін зерделеп жатырмыз, енді JCI халықаралық сертификатын алуға дайындаламыз.
Билік Аягөз мен Алтайдағы инсульт орталықтарын медициналық туризмді қамтамасыз ететін клиникалардың тізіміне қосуды жоспарлап отыр. Жыл соңында барлығы көп функциялы құрылғы - ангиографпен жабдықталмақ.

- Егер Аягөз мен Алтайда инсульт орталықтарын кардиобағытта жаау керек болса, оны да жасаймыз! - деді облыс әкімі Даниал Ахметов. - Барлығын жүйелеу, жұмыстарды басқаруды жүргізу және адамдардың өмірінің жағдайын жақсарту керек.
Следующая →