Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Бесқарағайдың бетке ұстар "Шошқалысы"

Туризмді тіршіліктің тетігіне айналдыру керек екендігі ел ішінде көп айтылып жүр. Бұл бастаманы Бесқарағай ауданы да қолға алыпты

Ауданның бетке ұстар демалыс орындарының бірі - "Шошқалы" емдік-сауықтыру көлі. Бұл көл су құрамы жағынан әлемге әйгілі Трускавец пен Новая Русса курорттарымен теңдес. Алдағы уақытта Шошқалы көлін дамыту үшін электр өткізу желісін жеткізу мен көлдің кіреберісіне жол төсеу жоспарланған.

- Бүгінгі таңда Шошқалы көлінің жағалауын электрмен жабдықтау және абаттандыруды қамтамасыз ету үшін Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 2019-2020 жылдарға арналған инвестициялық ұсыныс жіберілді, - дейді Бесқарағай ауданының әкімі Дәулет Батырбаев.

Көл жағасында биыл да бірқатар жұмыстар атқарылған. Жағада волейбол алаңы құрылып, киім ауыстыратын бөлмелер салынған.

Ал көл аумағын тазартуға белсенді жастар атсалысыпты. Олар "Таза жағалау" экологиялық акцияларын мерзімді түрде өткізіп отырады.

Сонымен қатар, аудандағы тағы бір демалыс орны "Елім-ай" базасы жұмыс істейді. Биыл жаз мезгілінде оқушыларға 7 ауысым демалыс ұйымдастырылған. Демалыс орнында Абай, Шемонаиха аудандары мен Курчатов қаласының оқушылары демалып қайтқан.

Баспасөз брифингісі барысында аудан әкімі жастардың белсенділгі мен атқарған істеріне де тоқталды. Аудан жастары "Жақсылық жаса" акциясы аясында қарттарға қамқорлық жасайды. Олардың отынын жөндеп, ауласын тазартып береді.

Аудан әкімінің айтуынша, биыл "Zhas project" жобасы аясында 7 жас кәсіпкердің ісі ілгері басқан.

Белсенді жастардың бағындырған биігі, асқан асуларын санамалай берсең жетерлік екен. Жастар жылы қарсаңында жастарға мүмкіндік беріліп, бірқатар жұмыстар атқарылыпты.

Следующая →