Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

4 миллион шабақ айдынға жіберілді

Күршім ауданында балық аулау, балық өнімдерін шығару, балық өсіру шаруашылығы қарқынды дамып, аудан экономикасына сүбелі үлес қосып отыр

"Балық өсіру орталығы" ЖШС биыл облыста ғана 3 млн шабақты өзен-көлдерге жіберді. Орталық аймақтағы Шүлбі, Өскемен, Бұқтырма сынды үлкен су қоймаларына және Тарбағатайдағы "Ұлтарақ", "Байтоғас", "Зайсан балықтары" ЖШС-на шабақтың кең көлемдегі партиясын жөнелткен.

- Балықтардың негізгі көлемі 12 грамнан 30 грамм аралықта. Жалпы биыл 4 миллионға жуық шабақты Шығыс өңіріндегі және Павлодар облысындағы өзен-көлдерге жібердік. Орталықта сазан, сазан тұқымдас карп, ақ амур, көксерке, мөңке балықтарын қолдан ұрықтандырып жатырмыз. Ал Күршім ауданы ішінде Сарыөлең ауылдық округі аумағындағы Кенжебай, Бұрмакөл көлдеріне биылғы сазанның шабақтары жіберілді, - дейді "Балық өсіру орталығы" ЖШС директоры Сымбат Әнуарбеков.

Иә, кеңес одағы ыдыраған кездегі жұмыссыздық салдарынан халық тарапынан жаппай балық аулап, ауланған балықты өткізіп нәпақасын тапқан адамдар көбейді. Соның салдарынан өзен-көлдерде балық саны күрт кеміді. Оның үстіне беталды, қараусыз көбейген қара қаздар да балықтарға қырғидай тигені бар. Енді "Балық өсіру орталығы" ЖШС Күршім ауданында балықтардың шабақтарын өсіріп, көлдерді балықтандыру және тауарлы балық сату жұмыстарымен айналысып жатыр. Алайда Сымбат Әнуарбековтің айтуынша, атқарылар шаруа әлі алда. Сондай-ақ, кәсіпорынның одан әрі құлаш сермеп дамуы үшін мемлекеттен қолдау күтеді. Әсіресе, егін жұмыстарына арнайы субсидия бөлінсе, балықтың қорегін кәсіпорынның өзі дайындар еді.

- Бала кезімізде Қалжыр өзенінен балық аулаушы едік. Ол кезде шабақ, шортан, алабұға деген балықтар өріп жүретін. Тіпті, сазанды бау-бақша суа-рып жүріп соғып алатынбыз. Қазір Қалжыр өзенінен балық таппайсыз. Орталықтың істеп жатқан жұмыстары - сол келмеске кеткен балықты қайта қалпына келтіру үшін жасалып жатқан іс деп білуге болады. Келешекте өзен-көлдеріміз балыққа лық толып, халқымыздың қуаныш көзіне айналар деген сенімдеміз, - дейді күршімдік Мырзабай Марқабаев.

Айта кетейік, көлге жіберілген шабақтарды 2 жылға дейін аулауға тыйым салынады. Шаруаға жарату үшін олардың ұзындығы 39 сантиметр-ден асуы тиіс. Ал оған дейін ауға не қармаққа түсетін болса, балықшыларға айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Күршім Шабақ