Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Аймақта SMART-фермалар пайда болады

Мол өнім алу және қаражатты үнемдеу. Аймақта мал және өсімдік шаруашылғының иелері мен ауылшаруашылығы басқармасы "Ақылды ферма" жобасын жүзеге асырмақ

Аталған бағдарлама шаруашылықтағы жұмысты адамдардың көмегімен емес, ақпараттық технологиялар артқаратын болады. Жоба сәтті болса, өнім жылдағыдан 2 жарым есе көп болуы тиіс әрі шаруалардың қаражат үнемдеуге сеп болмақ.

Ауыл шаруашылығы басқармасы 2020 жылдан бастап электрондық сауданы толық форматта енгізу жоспралап отыр. Бүгінде дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ жеке қазақстандық геодезиялық жүйе және мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған геопортал құру көзделген. Технологиялық қайта жарақтандыру аясында ІТ-технологияларды, оның ішінде нақты егіншілік технологиялары мен Smart-фермаларды пайдалануға жағдай жасалады.

- Жаңашылдықты енгізу фермерлерге өндіріс тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Мұндай элементтерге алқаптардың электрондық карталары, нақты метеодеректер, сенсорлар мен датчиктер, ғарыштық мониторинг пен басқа да шешімдер жатады. Жалпы, өнімділікті арттыруға ахрохимияны, тұқым шаруашылығын, аграрлық ғылымды жақсарту, технологиялық операциялардың уақтылы іске асырылуы мен сапасы, датчиктерді пайдалану және табиғи факторларды есепке алу есебінен қол жеткізуге болады. Бұл шығынды кемінде 25%-ға қысқартуға жол ашады, - дейді  облыстық Ауылшарушылығы басқармасы басшысының м.а Владимир  Галамазян.

Енді осы жоба бойынша 2020 жылы 166 базалық және 1 цифрлық ферма құру жоспарланып отыр. Жоба 3 кезеңді қамтиды: базалық, ілгерінді және цифрлық. Яғни, 166 ферма жобаның базалық кезеңін қамтитын болады.

- Бүгінде 8 сүт фермасында смарт-ферманың элементтері бар, - Владимир  Галамазян. - Соның өзінде өнімділін 1,5 есеге арттырған. Сондай-ақ, тағы 7 сүт ферманы 2022 жылға дейін бағдарламалық жүйе қосылған құрылғылармен жабдықталады.

Осылайша шығысқазақстандық шаруалар ірі қараның жай-күйін онлайн режімде бақылай алады. Арнайы компьютерленген қондырғы қазірдің өзінде сиырдың сүттілігін арттырумен қатар, мал басының жылдам көбеюіне де ықпал етіп жатыр. Мысалы, бұрын орташа есеппен 100 сиырдың соңына 67 бұзау еретін болса, енді бұл көрсеткіш 100-ге дейін жеткен.

Следующая →