Сәтпаев даңғылында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
Оқыс жағдай реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде орын алды
Жол-көлік оқиғасына қатысты басқа ақпарат жоқ. Бірақ көлік ағыны қатты жолда адам қаққан Hyundai көлігін 35 жастағы жүргізуші тізгіндеген.
- Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Оқиға орнында апаттың мән-жайы анықталу үстінде.
Көлік астына түскен азаматқа медициналық көмек қажет болып, қазір ауруханаға жеткізілді.