Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Шығыс Қазақстанда үш балықшы қаза болды

Үш оқыс жағдай бір күнде орын алды. 7 қазан күні Ұлан және Көкпекті ауданының тұрғындары суға батып кеткен

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі суға кеткен балықшылардың үшеуі де айдынға құтқару желеттерінсіз шыққан.

Ұлан ауданындағы Жаңа Қанай ауылына жақын маңдағы Қанай өзенінен жергілікті тұрғындар балық аулап жүріп абайсызда қайықтан құлаған 61 жастағы азаматтың денесін алып шыққан.

- Дәл осы күні Көкпекті ауданындағы Құлынжон ауылынан 17 шақырым жердегі Бұқтырма су қоймасына 36 және 38 жастағы екі балықшы батып кеткен. Олар балыққа резеңке қайықпен шыққан көрінеді. Суға кеткен азаматтардың денелері кешкі 17.50-де табылды, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар балық аулауға әуес азаматтарға барлық қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.

Көмек қажет болған жағдайда 112 немесе 101 телефон нөмірлеріне хабарласуға болатынын естеріңізге саламыз.

Следующая →