Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да көпбалалы ана 200-ден астам құс сатып алды

Кәсібін енді бастаған көпбалалы ана Катонқарағай ауданының Балғын ауылында қаз, үйрек пен тауық өсіруде

Ол тек өзіне ғана сенім артады. Надежда Константиновна бес бала тәрбиелейді, бірақ мемлекеттен көмек сұрауға асықпайды. Себебі Надежда тынбай еңбектеніп өзі мен балаларын асырай аламын деп ойлайды.

- Біз Үлкен Нарын ауылында тұрдық, бірақ ол жерде барлық жағдай жасалмады: пәтер жалдау қымбат, ал үй кезегінде тұруға көп уақыт кетеді, - дейді Надежда. - Бізге ауылға көшуді ұсынды. Келісім-шартқа сәйкес, балаларым қазақ тілінде оқытатын жергілікті мектепке барды. Сондай-ақ, өзіме берілген үйдің бес жылдан кейін заңды иесі боламын. Мен бұл ұсынысқа қуана келістім.

Надежданың жаңа көршілері қысқа уақыт ішінде тұрғын үй салуға көмектесіп, көмір, отын алып берді. Аудан басшылығы азық-түлік, төсек-орын жабдықтары мен гигиеналық құралдарды сыйға тартты. Бірақ әрі қарай Надежда тек атаулы әлеуметтік көмек алғанға қарағанда өзі жеке жұмыс бастағысы келеді.

- Негізінен бағдарламаға қатысушылар сиыр, қой немесе ешкі сатып алу жобаларын жасады, - дейді Надежда. – Мен өзім білетін салаға баса назар аудардым. Мен берілген ақшаға 50 үйрек, 30 қаз және 150 балапандар сатып алдым. Қазір құстарым өсіп келеді, маған және балаларыма үйірлесе бастады. Әрі қарай құс еті мен жұмыртқасын дүкендерге жеткізе бастаймын. Болашақта инкубатор сатып алуды жоспарлап отырмын. Енді біздің өміріміздің басқа парағы ашылды.

Следующая →