Өскемен
пасмурно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +10°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +18°
$
451.27
489.13
¥
62.69
4.87
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ауылға жедел жәрдем қаладан жіберіледі

Жедел жәрдем қызметі орталықтандырылып, енді облыстың әр қаласы, ауданы мен ауылынан түскен барлық хабарламаларды алдымен Өскемен қаласындағы бөлім қабылдайтын болды

Бұл өзгеріс наурыз айында бас-талып, толығымен маусым айында іске қосылды. Бүгінгі таңда қай ауданның, ауылдың тұрғыны болмасын 103 нөміріне хабарласса, олардың қоңырауы алдымен Өскемен қаласындағы орталық бөлімге келіп түседі. Бұл жаңалықты шығысқазақстандықтардың бірі білсе, бірі әлі хабарсыз.

- Көршімнің хәлі нашарлап, жедел жәрдемге хабарласып, үйреншікті түрде мекенжайымызды айтсам, қай жақтансың, ол қай аудан деп сұрақтың астына алды. Артынша жедел жәрдем қызметі келген кезде орталық енді Өскеменде екенін айтты, - дейді Көкпекті ауданының тұрғыны Жанна.

Мұндай өзгерісті жедел жәрдем қызметін тоса-тоса өз күшімен емханаға жеткен тарбағатайлықтар да кеш естіді.

- Ақжар ауылына тойға барғанбыз. Күйеу жігіт кенет ауырып, улану белгілерін байқадық. Дереу жедел жәрдем шақыртып едік, қайдан хабарласып тұрғанымызды, барлық мәліметтерді жазып алды. Бірақ сол беті дәрігерлер үйге келмеді. Ақыры көлік тауып, өз күшімізбен емханаға апардық. Ауруханадағы дәрігерлер жүйеде өзгерістер орын алып жатқанын және енді барлық қоңырауларды Өскемендегі бөлім қабылдап, артынша шақыртуды тиісті аудан, ауыл ауруханаларына жіберетіндігін айтты. Таң қалдық. Ақжарда аурухана бар. Жақын жердегі бізге келмегенде, ауруханасы жоқ ауылда хәлің нашарласа, өліп кетуің де мүмкін ғой, - дейді қала тұрғыны Перизат Исаева.

Облыстық жедел жәрдем қызметінің бас дәрігерінің орынбасары Гүлнар Текеманова орталықтандыру жүйесі бүкіл Қазақстан бойынша енгізілгенін айтып, оның тиімділіктерін түсіндірді.

- Ең алдымен біз барлық жедел жәрдем көліктеріне GPS жүйесін орнаттық. Яғни, қай көліктің қайда екенін, қай көлік қай шақырту адресіне жақын екенін көріп отыра аламыз. Мысалы, Глубокое ауданындағы Черемшанка ауылын алайық. Ол Глубокое ауданы болғандықтан, оған осы ауданға қарасты жедел жәрдем қызмет етті. Алайда қашықтығы бойынша алсақ, Черемшанка Риддер қаласына жақынырақ. Бұрын әр аудан өзіне қарасты аумаққа жауап берді және басқа жерге қызмет көрсете алмады. Бұл өзгеріс арқылы шекаралық шек жойылды. Қай жедел жәрдем көлігі шақырту адресіне жақын, сол көлік жіберіледі, - деп түсіндірді Гүлнар Санақбекқызы.

Бұл жаңашыл өзгеріс халық арасында шақырту қажетті ауданға жетпей қалса деген қорқынышты да тудырды. Бірақ Гүлнар Санақбекызы бүгінгі күнге дейін бұл ешқандай қиындық әкелмегенін айтты.

- Қазір заманымыз дамып отыр. Біз телефонмен де, интернетпен де хабарласа береміз, бастысы хабарды жеткізу. Бүгінге дейін біз хабарды жеткізе алмай қалған кездер болмады. Болмайды да деп ойлаймын, - деп қосты дәрігер.

Сонымен қатар, шілде айының ортасынан бастап, облысымызда 112 нөмірі де іске қосылды. Бұл call орталықтың нөміріне хабарласу арқылы тұрғындар өрт сөндірушілерді, полиция қызметін, жедел жәрдемді, құтқарушыларды жағдайға байланысты жекелей немесе барлығын қатар шақырта алады.

Следующая →
Тақырыптар: Жедел жәрдем ШҚО Ауыл