Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен қаласының тұрғыны қыз үшін өмірін қимақ болған

Ұлттық ұлан сарбаздары мен Дора есімді ит адам өміріне араша түсті

Оқиға жексенбі күні Н. Назарбаев даңғылы, 26/1 мекенжайында орын алды. 27 жастағы жігіт төрт қабатты тұрғын үйдің шатырына шығып алған. ҚР ҰГ "Шығыс" баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, оның бұндай іске баруына сүйікті қызымен ажырасуы себеп болған. Оқиға орнына Өскемен қаласындағы гвардияшылар жеткен.

- Қызметкерлер жігітпен әңгімелесе отырып, оны райынан қайтарған, - дейді ҚР ҰГ "Шығыс" баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді. - Шатырдан түскенімен жігіт енді көлік астына жүгірген.

Бұл жолы жігітті қолға түсіруге Дора лақапатты ит көмектескен. Әскерилер шарқ ұрған жігіттің қолына кісен салып, полиция бөлімшесіне әкелген.

Енді осы іске қатысты ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Следующая →