Зайсан көлінде жоғалған екі балықшыны іздестіріп жатыр

41 және 26 жастағы екі балықшы 6 қыркүйек күні балық аулуға кетіп, әлі күнге дейін оралмаған
09 қыркүйек 2019 года, 11:29 1848 Ирина Николенко
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - На озере Зайсан ищут пропавших рыбаков
Ақпарат көзі: © Устинка LIVE Фото: © Пресс-служба ДЧС ВКО

Құтқарушылар олардың суға батып кетуі мүмкін екенін айтады. Өйткені Тарбағатай ауданындағы Зайсан көлінен олардың қайықтары табылған.

- Куәгерлердің айтуынша, жас жігіт жүзе білмейтін. Алғашқы қауіпсіздік құралдары, құтқару желеттері, қайық ішінен табылмады, - деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Балықшыларды іздеу үшін Өскеменнен сүңгуірлер жеткен. Олар жағалаудан 10-15 шақырым жердегі 15 метр тереңдікті тексеріп жатыр. Дәл осы аймақтан жоғалған балықшыларды көргендер бар.

Сонымен қатар, іздеу жұмыстарына жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары да қосылды. Адамдар өз қайықтарымен Зайсан көлінің үстінде іздеуді жалғастыруда. Тікұшақпен де шолу жүргізілуде.



Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз