Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Шабандоздар жарысқа түсті

Сенбі күні Өскемен, Семей, Риддерден келген шабандоздар драй-рейсинг бойынша сайысқа түсті

Шығыстың әр өңірінен жалпы саны 30 автосүйер жиналды.

- Біз автоспортпен айналысамыз және Өскемен қаласында жылына екі рет автожарыс ұйымдастырып тұрамыз, - дейді ұйымдастырушы Александра Осипова. - Бұл сайыс дәстүрге айналғалы қашан. Бұл жолы жарысқа келгендердің қарасы көп.

Жарысқа кез келген адам қатыса алады. Негізгі шарт - Автомотоспорт федерациясынан сертификат болуы. Ең алғашқы сайыс таңертең өтті. Бұнда шабандоздар автокөліктің жылдамдығына байланысты екі топқа бөлініп жарысты.

Мәселен, былтырғы ойындардың жеңімпазы өскемендік Павел Немцев биыл да бағын сынап көруді жөн тапқан. Оның автоспортпен айналысқанына төртінші жыл екен. Негізінен қысқы ралли-спринтте сайысқа түсетін көрінеді.

- Бұл негізінен мен қатысатын жарыс емес, бірақ көлігімнің мықтылығы мен шыдамдылығын тексеріп көргім келді, - дейді Павел Немцев. - Менің көлігім қыста, мұз үстіндегі жарыстарға арналған. Қазіргі уақытта ралли-спринттен "Самұрық-2020" ҚР Кубогіне дайындалып жатырмын. Ол қаңтар айында төрт кезең бойынша (Нұр-Сұлтан – Көкшетау – Павлодар – Нұр-Сұлтан) деп жоспарлануда.

Ұйымдастырушылар драй-рейсинг жарыстарын балаларға арналған шаралармен де үйлестіре білген. Жарыс өткен Ғашықтар аллеясына аниматорлар келіп, қаламыздың кішкентай тұрғындары үшін шеберлік сыныптарын ұйымдастырып, балмұздақ таратты, сурет көрмесі мен жәрмеңке өтті.

Жарыс соңында барлығы бес санат бойынша үш жеңімпаздан таңдалып, бағалы сыйлықтарына ие болды.






Следующая →