Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақ-корей форумы ынтымықтастықтың алғы шартын жасады

Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан бері әлемнің кез келген елімен достық қарым-қатынас ұстанып келеді.

Солардың бірі Азия құрлығында өзіндік орны бар дамыған ел Оңтүстік Корея мемлекеті. 23 тамыз екі ел арасындағы достық одан әрі нығая түскендей болды. Себебі, Өскемен қаласында Оңтүстік Кореяның Каннын қаласынан келген делегация мүшелерімен екі жақты Қазақстан-Корея форумы облыс әкімшілігінің ғимаратында өтті.

«Күш-бірлікте» атты форуымда тараптар сан-салалы бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту жөнінде уағдаласты. Білім, мәдениет, туризм, сауда, денсаулық сақтау, экономика сынды басым бағыттар егжей-тегжейлі талқыланды. Жиында сөз алған Өскемен қаласы әкімінң орынбасары Серік Жеңісов алыстан келген қонақтарға облыс орталығының әлеуеті жөнінде баяндама жасап, білім, мәдениет, туризм және Smart City жобасы аясында әріптестік орнату жөнінде атап өтті.

Бүгінгі күні елімізде Оңтүстік Кореялық фабрикалар мен кәсіпорындар табысты жұмыс істеуде. Денсаулық сақтау саласынан да айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр. Қазақстандық дәрігерлер кореялық әріптестерімен бірге төрт бірдей күрделі отаны сәтті жасап шыққан.

Жалпы шырайлы шығыстың орталығы Өскемен қаласымен Каннын қалалары арасындағы байланыс осыдан 10 жыл бұрын басталған. Осы уақыт аралығында талай-талай мәдени шаралар ұйымдастырылды.
- Шығыс Қазақстан бізді өте жақсы қарсы алды. Осында келгенімізге қуаныштымыз. Мұнда келудегі басты мақсатымыз тәжірибе алмасып әрі сан саладағы көптеген жобаларды іске асыру жолын талқылау, - дейді «Сонгхо» университетінің президенті Чангдук Юнг.
Следующая →