Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Тарбағатайда "Тамшы" балалар театры жұмыс істеп тұр

Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында осы өңірдегі тұңғыш ашылған балалар театры жұмыс істеп тұр. Оны көпшілікке есімі таныс актер, режиссер Бейбіт Құсанбаев ашып, жеткіншектерге бекзат өнердің қыр-сырын үйретуде

Осыдан 7-8 ай бұрын еліміздің іргелі рухани орталығы - "Жастар" театрынан жасампаз халқымыздың және жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, өнерді өрге сүйреп келе жатқан елімізге танымал актер, режиссер, "Мәдениет саласының үздігі" Бейбіт Құсанбаев ағамыз Ақсуатқа келіп, шағын ғана мәдениет үйі жанынан жастарға арнап театр үйірмесін ашты. Осылайша ауылдағы белсенді балалар мен жасөспірімдер жан азығы саналатын өнер ұжымына қосылды. Ауыл жастарының өнерге деген құштарлығын, қызығушылығын сезген Бейбіт Құсанбаев жұмысқа қызу кірісіп, балаларды өзінің өнерімен, мейірімділігімен, сан қырлылығымен таңқалдырып, бойындағы керемет қасиеттрді үйрете бастаған.

- Нұр-Сұлтан қаласында еңбек еткен жақсы әрине, бірақ елді, туған жерді сағынады екенсің. Оның үстіне, жиған-терген тәжірибемді, білімімді ауыл балаларына арнап, туған елден балалар театрын ашуды қаладым. Сөйтіп елдегі ағайындардың қолқалауымен Тарбағатай аудандық мәдениет үйінің жанынан "Тамшы" балалар театрын ашып, жұмыс істеп жатырмыз, - дейді Бейбіт Құсанбаев.

Театр - жас та болса, жасампаз өнер ордаларының бірі. Оған дәлел осы аз уақыт ішінде театр өнерпаздары әртүрлі аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға белсене қатысып, бірнеше мәрте бас жүлдемен оралды.

- Жақында ғана театрымыз Қазақстан елінің намысын қорғап, Өзбек елінде өткен Tashkenti Sevamiz халықаралық көпжанрлы фестивальге қатысып, "Ізгі ұрпақ" атты спектакльмен бас жүлдегер атанды. Ал театр өнерпазы Айғаным Мәлікова Ф. Оңғарсынованың "Тыңдаңдар, тірі адамдар" атты монологымен 1-ші орынға ие болды. Қоржынымыз тағы да жүлделермен толыққанына бір марқайып жатырмыз. Оның алдында "Қазақстан таланттары" атты халықаралық фестивалі болды. Бұл фестивальда біздің театр гран-при иеленсе, Ажар Жылқыбаева бастаған хор ұжымы 2-орынды иеленіп, театрымыздың жас өнерпазы Айғаным да бас жүлде алған болатын, - дейді Бейбіт Құсанбаев.

Осындай жүлделер жас ұжым өнерінің бағытына бағдар, өрісіне өлшем болуда. Режиссердің айтуынша, бұл күнде ұжымдық өнер саналатын театрдың шығармашылық құрамында бүгінде 60-тан астам дарынды балалардың басықасылған. 

Театрда эстрадалық вокал үйірмесі мен балалардан құралған хор бар. Балалардан құралған топ байқауларға қатысқаннан бөлек, қайырымдылық концерттер ұйымдастырып үлгерді.

- Болашақта біздің театрымыз облыс аудандары арасындағы ең ауқымды балалар ұжымы болады. Мұны әлі ешкім дұрыс түсіне қойған жоқ. Түсіне білген адамға балалар театры - үлкен рухани орталық. Театр сахнасында көрнекті шығармаларды сахналап, жұртшылықтың ықыласы мен құрметіне бөленіп келеміз. Бұның барлағы - біз үшін үлкен жетістік, - дейді театр жетекшісі.

Астананы ауылға айырбастап, туған жерін түлетуге, ауылдағы қарадомалақтарды өнерге баулуға белін бекем буған Бейбіт Құсанбаевтың Тарбағатайдан "Тамшы" театрын ашуын рухани жаңғырудың жарқын үлгісі деп қабылдадық.

Следующая →