Өскемен
малооблачно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +13°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
448.81
+0.25
476.82
-1.21
¥
62
+0.03
4.77
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Борандықтарды масалар енді мазаламайды

Шыбын-шіркейден зардап шегіп отырған борандықтардың қуанышында биыл шек жоқ. Себебі қаптаған қара масаны улауға 10 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініп, мазаларын алатын маса азайып жатыр

Шынымен-ақ, жаз шықса, Күршім ауданының Боран және Қалжыр ауылының тұрғындарына шыбын-шіркей маза бермейді. Тұрғындар қансорғыштардан қорғану үшін денеге арнайы май жағып, тіпті, көшеде бет-аузын тұмшалап жүруге мәжбүр-тін. Бірі жәндіктерді орамалмен үркітсе, енді бірі маңайдағы ағаш бұтақтарын жұлып әлек болатын. Масалармен күрес жаз бойына олардың биологиялық өсімталдығына қарай екшеленіп, медициналық мақсаттағы инсектицидтермен өңдеу жұмыстары жүргізілуі тиіс болса да, жыл сайын бюджеттен қаржы бөлінбей, бұл мәселе шетте, шенеуніктердің назарынан тыс қалып жатқан еді. Енді биыл бюджеттің жоспарына еніп, Боран мен Қалжыр ауылы аумағындағы кішігірім шалшықтар мен су тоғандарының айналасы түгелдей дерлік арнаулы препараттармен дәріленуде. 
- Кеңес одағы ыдырап, еліміз егемендік алғаннан бергі кезеңде бірде-бір рет Ертіс бойында орналасқан ауылдар маңында қансорғыш жәндіктерді жою мақсатында іс-шаралар жүргізілмеген еді. Тек биыл ауданымыздың әкімі Дулат Зайсанбекұлының тікелей араласуымен осы маса-шіркейді жою үшін 10 млн теңге бөлініп, жұмыстар қолға алынды. Алдыңғы жылдары құжынаған масадан ауыл халқы өзінің бау-бақшасына қарауға, үйіндегі сиырын саууға мұршасы келмей қалған еді. Тіпті, масаны мүлде жойып жібермесе де, осы істеліп жатқан жұмыстар аудан әкімінің халыққа деген жанашырлығы, іскерлігі арқасында болып отыр, - деп Мырзабай Марқабаев Боран ауылының халқынының атынан алғысын білдірді. 
Айта кетейік, өткен жылдың соңында қоғамдық кеңесте Кеңестің мүшесі,  "Нұр Отан" партиясы ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ануарбек Мұхтарханов та "Жаз келгенде балалар да, ересектер де қуанады. Ауа райы жылынып, күн ұзарады, демек далада қыстың күніне қарағанда ұзағырақ жүруге болады. Алайда кешкі уақыт келіп, күн бата бастағанда, осы ауылдарда нағыз сұмдық басталып, масалары адамға жау-дай төнеді. Ата-аналар жаздың күні балаларын басқа ауылға жіберуге мәжбүр. Ол жерлердегі ылғалдылығы жоғары саз батпақтың орнынан карта сызып беруге болады" деп бұл мәселені облыстық деңгейде көтерген еді. 
Следующая →