Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен қаласы әкімдігі тасымалдаушылармен келісімшартты бұзуы мүмкін

Егер тасымалдаушылар балаларды 45 теңгелік тарифпен тасымалдамаса, 1 шілдеден бастап келісімшартты бұзатынын хабарлады

Қаладағы №№ 25, 25а, 43 және 43а автобус маршруттары зейнеткерлер мен балаларға арналған тарифтерді қымбаттатамыз деп мәлімдеген болатын. Яғни, қала әкімдігі субсидия бөлмей отырғандықтан, осындай қадамға барғандықтарын айтқан.

Қала әкімдігі субсидия бөлмей отырғандығына қатысты мәлімдеме жасамаса да, тарифтің көтерілгендігіне қатысты келесідей мәлімдеме жасады.

- Тасымалдаушылар зейнеткерлерге арналған тарифті көтеру өз еркінде. Алайда Қазақстан Республикасының "Транспорт туралы" Заңына орай, 7-15 жастағы балалардың тарифін көтеруге құқығы жоқ. Ол 50%-дық жеңілдік түрінде қалуы тиіс. Бұл жеңілдікті алып тастаған тасымалдаушымен келісімшарт міндеттері бұзылады, - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тарифті көтереміз деп отырған "Автотранспортный цех "БЭСТ" ЖШС-на жеңілдетілген тарифті алып тастаған жағдайда, келісімшарт бұзылатындығы жайында хабарлама жіберілді. Әзірше бұған компания жауап берген жоқ.

Қала әкімдігі аталмыш маршрут бойынша қызмет ететін басқа тасымалдаушы компанияны іздестіріп жатқанын айтты.

Следующая →