Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменге 40 мың тонна әлеуметтік көмір әкелінеді

Қала әкімдігі Қаражыра кенішімен меморандумге қол қойды

Өскемен қалалық әкімдігінің әлеуметтік көмір әкелу арқылы әлсіз қорғалған қоғам мүшелерін қыстық отынмен қамтамасыз етіп жүргеніне бірнеше жыл болды. Оларға соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлері, Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқандар, зейнеткерлер мен көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасылар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар мен мүгедек жандар жатады.

Былтыр да 35 мың тонна әлеуметтік көмек жеткізілген болатын. Биыл 40 мың тонна көмір әкелуді ойластырып отыр. Өйткені былтырғы көмір тиесілі тұрғындардың кейбіріне жетпей қалған еді.

Ал әлеуметтік көмірдің бір тоннасы 8750 теңгеден сатылмақ.

- Әлеуметтік көмір – отынға мұқтаж тұрғындарға үлкен көмек. Өйткені бағасы арзан әрі үйге жеткізу құны да төмендеу, 3-6 мың теңгенің аралығын құрайды, - дейді қала басшысы Жақсылық Омар.

Қазіргі уақытта жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері көмірге мұқтаж жандардың тізімін жасап жатыр. Әзірше 7 мың тұрғынның арзан көмірге зәру екендігі белгілі болды.

Енді әкімдік тұрғындардан жеткізілген көмірді тез арада сатып алуын өтініп отыр. Өйткені күз уақытында оны жеткізу біршама қиын болмақ.

Әлеуметтік көмірді алғашқылардың бірі болып сатып алған тұрғындардың бірі Зинаида Шепеленко. Айтуынша, көмірдің сапасы жақсы әрі жеткізу уақыты тез.

- Бес жарым тонна көмірге тапсырыс бергем. Тез келді. Ал көмірдің өзі жарқырап тұр, - дейді Зинаида Филипповна.



Следующая →