Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Көпірдің жобасы шетке ысырылды, күн тәртібінде - құс фабрикасы

Соңғы бір ай төңірегінде облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен Үржар ауданында құс фабрикасы салынатыны және ол жобаны қытайлық компания жүзеге асыратыны жайлы рас-өтірігі аралас қауесет белең алған-ды

Өз сөзінде аймақ басшысы да "ауқымды құрылыс жұмыстарына қазақстандықтармен қатар шетелдік инвесторлар да қатыса алады" деген. Жаңа нысан Үржар ауданы, Егінсу ауылдық округіне қарасты Жанай ауылында салынбақ. Шенеуніктер ауданда кұс фабрикасын салу жобасын іске асыру басталмағанын, қазіргі уақытта инвесторды тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтса да, бұл жоба облыс тұрғындарын ғана емес, сонымен қатар, республикалық деңгейде азаматтардың қызығушылығын туғызып, алдағы уақытта бұл құс фабрикасы салынса, оның экономикалық әсері қандай болмақ деген мәселе мазалайды.

Жобаның құны - 45 млрд теңге

Бұл ақпарат осыдан 4 жыл бұрын да жылт етіп, 2016-2019 жылдар аралығында салынып бітеді деп жоспарланған. Алайда әлі күнге инвесторлар құрылыс жүргізуге ниет білдірмеген. Сондай-ақ, ол кезде жобаның құны 16,3 млрд теңгеге бағаланса, қазіргі бағасы 45 млрд теңгені құрап отыр.

- Еліміздегі осы саланың одан әрі қарқынды дамуына Қазақстан нарығында шетел өнімдерінің толып кетуі айтарлықтай кедергі тудыруы мүмкін. Жыл сайын жұмыртқаның 15-20%, құс етінің 60-65%-ы шетелдерден әкелінеді. Қазіргі қалыптасып отырған жағдайда ғылымның басты мақсаты - елімізде отандық асылтұқымды құстар шығару. Республикадағы құс шаруашылығының стратегиялық даму бағыты Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына сай, нарықтық бәсекелестікке төтеп бере алатын жоғары сапалы құс өнімдерін өндіру және құс етін, тәуліктік балапандарды, инкубациялық жұмыртқаларды шетелден сатып алудан арылу болып келеді. Ал құс фабрикасының құрылысына келетін болсақ, құрылысқа бөлінген телім 300 гектарды құрайды. Сондай-ақ, мал азығы базасы үшін 40,8 мың га құнарлы жер, оның ішінде 4,6 мың га суармалы жер үшін беріледі, - дейді Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Арман Тұрысбеков.

Жоба құрылысы инвестор белгіленгеннен кейін басталмақ. Жалпы инфрақұрылым "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде іске асырылады. Арман Тұрысбековтың айтуынша, құс фабрикасының тірі салмақтағы жылдық қуаты 31 000 тонна өнімді, оның ішінде тағамдық жұмыртқа, бройлер балапандарыньң салқындатылған еті, бройлер балапандарының мұздатылған eті, (бройлер құс еті, құс етінің жартылай фабрикаттары, субөнімдер, бастары және аяқтары), құс шаруашылығының қосалқы өнімдері - мамық, қанат, етсүйек ұнды құрамақ.

Құс фабрикасының экономикалық әлеуеті қандай?

Құс фабрикасын салу жаңадан 817 жұмыс орнының ашылуын қамтамасыз ететіні, Жанай ауылын қуат көздерімен және ауыз су жүйесін нығайтатыны және өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына септігін тигізетіні экономика мен тұрғындар үшін аса маңызды екені жасырын емес. Алайда жұмыскерлердің барлығы облыстан табыла қалуы екіталай.

- Мамандар алдын ала штаттық кестеге сәйкес алынады. Қызметкерлер облыстан, еліміздің жоғары оқу орындарыньң түлектері қатарынан және жақын шет елдерден тартылатын болады. 45 млрд теңгеге бағаланып отырған аталмыш жоба мемлекеттік жеке серіктестік негізінде іске асырылады. Сонымен бірге құрама жем зауыты да салынады, - дейді басқарма өкілі.

Ал өңделген құс етін ел ішінде, Қытай мен Ресейге сату көзделіп отыр. Әлеуметтік, көлік, КБС, зейнеткерлік төлемдер, қоршаған орта, жеңілдік кезең өткеннен соң, мүлік, түсім, жер салығы арқылы мемлекеттің қазынасы да біраз қаржымен толықпақ.

- Фабрика жұмысы да ішкі нарықта құс еті бағасының төмендеуіне әсерін тигізіп, бәсекелестік тудырады. Облыста осыған ұқсас кәсіпорындарды жақын арада ашу жоспарланбаған, - дейді Арман Жұмаханұлы.


Следующая →