Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Полиция бекеттері жабылады

Қазақстанда жолда тұратын полиция бекеттері жабылады. Нақтырақ айтсақ, полиция постыларында енді тәртіп сақшылары отырмайды. Қалаға кірерде тұратын бекеттер де жабылмақ

Ал пост ғимараты жергілікті кәсіпкерлердің қолына беріледі: ол жерден енді қонақ үй, мейрамхана, асхана ашылуы мүмкін. Бұрын пост тұрған аумақтарға енді камералар орнатылады. 

Елдің ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, бейнебақылау камераларының жолды күзетуге көмегі көп әрі постыда тұрған полицейлер пара алуы да мүмкін. Мәселен, бұрынғы ішкі істер министрі Қайырбек Сүлейменов әлемде болып көрмеген тәжірибе жүргізіп, қарбыз тиелген "Камаз" көлігін Шымкенттен айдап шығып, Алматы қаласы арқылы Астанаға жол тартып, тәртіп сақшыларының ниетін тексеріп көрмек болған. Сонда 9 кеденшіні, 8 транспорт инспекторын, 21 тәртіп сақшысын пара алған жерінен ұстаған. Осылайша бір өзі жасырын операция жүргізіп, бұлтартпас дәлелдер тауып қайтқан. 

Жолда пара беру мәселесі содан бері жиырма жыл өтсе де, әлі де шешілген жоқ. Енді бұл бассыздықты Ішкі істер министрлігі бейнекамералар орнату арқылы шешуді ойлап отыр. 
- Бірақ мемлекет шекарасындағы бекеттер сол күйі қалады, олар алынбайды. Ал ішкі постылардың барлығы алынады, - дейді Ерлан Тұрғымбаев.
Ал постының полицейлері құқық қорғау органдарының басқа қызметтеріне жіберіледі, яғни, жұмыстан босап қалмайды. 
- Көлік тасымалын бақылайтын бұдан басқа да мүмкіндіктеріміз бар, - дейді  ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди.
Бұдан бөлек, полицейлер енді елді мекендерде радар да қолданбайтын болды. Өйткені қала аумағында жылдамдықты өлшейтін құралдар онсыз да көп. Ал ауыл мен қала сыртындағы тас жолдарда радар қолданыла береді.
Следующая →