Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қоңыр әулие үңгірі маңына қонақ үй салынды

Абай ауданындағы Қоңыр әулие үңгірінің алдынан қонақ үй ашылмақ. Әзірше оның тек 25 адамды ғана жатқызуға арналғаны белгілі болып отыр

Енді емделуге келген жұрт далада емес, қонақ үйде түнейтін болады.

Ал қонақ үйдің өзі қазіргі таңда салынып біткен, тек құрылысының аяқталмаған жерлері ғана қалды.

Киелі орынның маңайы алдыңғы жылы біршама ретке келтіріліп, ішіне жарық пен баспалдақ орнатылып, үңгірдің іші жуып-шайылып, тазаланған еді. Бұл қасиетті жерге жыл сайын он мыңнан астам адам зиярат етуге келетін көрінеді. Оларды үй-жаймен қамту үшін жергілікті инвесторлардың бірі бұл маңға қонақ үй салып, қаржы құйған.

Үңгірдің жерасты суының шипалы екендігі халық арасында аңыз боп кеткені рас. Сырқатын жазуға келген халық емдік қасиеті бар сумен жуынып, мұсылманша дәрет алатын еді. Енді ғылыми зерттеу де үңгірдің суы адам денсаулығына өте пайдалы екендігін дәлелдеп отыр.

- Қоңыр әулие үңгірінің суы кремнийге бай. Бұл химиялық элементтің адам денесіне шипасы үлкен: тері ауруларын жазуға, сұлулығын сақтауға көмектеседі. Адамның жарақаты мен жарасын жазуға таптырмайтын су, - дейді облыстық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақов.

Былтырдан бастап өңірдің шипалы көлдерінің химиялық құрамы зерттеле бастаған еді. Биыл Жармадағы Сабындыкөлге бальнеологиялық зерттеу жасалған екен.

- Әзірше, емдік қасиеті жоғары көлдердің он шақтысына зерттеу жасалды. Ал басқа көлдерді де зерттеу үшін оларға келушілер көп болуы тиіс. Кем дегенде, 200 адамнан кем болмауы керек, - дейді Марат Саятұлы.


Следующая →