Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да полиция бекеттері жабылуда

Қазақстанның тас жолдарында орналасқан полиция постылары жабылып, жеке меншікке берілгелі жатыр

Ал полиция бекеттерінің орнына жаппай бейнебақылау камералары орнатылмақ.

ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта облыс төңірегінде орналасқан төрт полиция бекетінің біреуі демонтаждалып бітті. Яғни, Өскемен мен Алтай қалаларының арасында тас жолдың Серебрянскі қаласына қарай бұрылар қиылыста тұрған полиция бекеті қазір алынып тасталды. Бағдаршам мен жылдамдықты түсіру белгісі жоқ, деп хабарлайды Устинка LIVE.

- Ғимаратты демонтаждау жұмыстары аяқталып қалды. Орнына бейнебақылау камерасы орнатыла ма әлде жоқ па – әлі белгісіз, - дейді ШҚО ПД баспасөз хатшысы Айгерім Нұрғазина.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта қалған үш полиция бекеті де жабылатын болады. Оның ішінде Шемонайха қаласынан шығар жерде орналасқан посты да бар.

Ал постта тұрған полицейлер құқық қорғау органдарының басқа қызметтеріне жіберіледі, яғни, жұмыстан босап қалмайды.

- Көлік тасымалын бақылайтын бұдан басқа да мүмкіндіктеріміз бар, - дейді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди.




Следующая →