Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Қатаң бақылау жүріп жатыр

"Шартты түрде" атты республикалық профилактикалық іс-шаралар өтуде

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандарды бақылауға алып, олардың психологиялық түсінігін жақсартып, осы қоғамға бейімдеп, болашақта теріс жолға түспеуге үгіттеу – пробация қызметінің алдындағы мақсаттардың бірі.

- 2019 жылдың 17-23 маусымы аралығында "Шартты түрде" атты республикалық профилактикалық іс-шараларын өткізу туралы бұйрығына сәйкес, Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімі Солжағалау аудандық полиция бөлімімен бірлесіп іс-шараларын жоспарға сай өткізуде, - дейді ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық ПҚБ инспекторы Аяужан Қуатбекова.

Атап айтқанда, Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінен 170 қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандар өткен. Осы азаматтардың қайталама қылмысқа бармауы үшін Солжағалау аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция инспекторларымен бірлесіп олардың тұрғылықты мекенжайын тексеріп, сотталғандарға әсер ете алатын жақын туыстарымен сұхбат жүргізуде.

Сонымен қатар, тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандар қандайда бір әкімшілік құқықбұзушылық немесе сотпен белгіленген міндеттерді бұзған жағдайда, пробация тарапынанжаза қолданылады. Атап көрсеткенде, сотталғандардың қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалары бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады немесе пробациялық бақылау ұзартылады.

Следующая →