Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде жерқоймалар бұзыла бастады

Тұрғындардың өздері де жерқоймалардың көмілгенін қалайды

Бұрын қала тұрғындары жерқоймаларды көкөністері мен жиналған азық-түліктерін сақтауға қолданатын. Алайда қазір олардың көбі қаңырап бос жатыр. Әрі нашақорлар мен алқаштардың тығылатын мекеніне айналды.

Ал қала тұрғындары мұндай жерқоймаларды көміп, көзін құрту керектігін айтып, билікке жиі шағымдана бастады. Енді жергілікті өзін-өзі басқару комитеті жерасты қоймаларын демонтаждауға кірісті.

Бірақ демонтажға қарсы шыққан адамдар да табылды.

- Менің жертөлені иемденгеніме 25 жыл болды, өте қажет, қыста азық-түлік сақтаймын. Құлып салып қойғам, ешкім кіре алмайды. Қыста да, жазда да таза ұстауға тырысамын. Маңайын күреп, сыпырып қоямын. Ал оны көміп тастаса, сонда картоп пен тұздалған азықтарды қайда сақтаймын? - дейді Гагарин бульварының тұрғыны Наталья.

Егер жерқоймасын аман алып қалғысы келген тұрғындар болса, иемдену құжатын көрсетуі керек екен. Ал олардың көбінде ондай құжат жоқ.

- Аумақтағы жерқоймаларды тексеріп шықтық. Көбі бос жатыр. Бес қойма болса, оның үш-төртеуі қаңырап жатады. Олардың барлығын көміп тастау керек. Тек оқшау, алыс жатқан қоймаларға ғана тиіспейміз, - дейді №8 өзін-өзін басқару комитетінің төрайымы Олеся Салимбаева.

Бірақ заңнан хабары тұрғындар Кондоминиум заңнамамасына сүйенер болсақ, онда тұрғын үйдің жанындағы сақтау қоймалары тұрғын үйдің иелеріне ортақ болуы керектігін айтады. Ал тұрғындар болса, қай қоймаға азық сақтайтынын өзара келісіп алады. Бірақ жерді жалға алу уақыты 2011 жылы бітіп кеткен екен. Оны создыру үшін аула тұрғындары қазынаға 50-60 мың теңге төлеуі керек. Сонда тағы да 59 жыл бойы пайдалана алады.

Следующая →