/ Усть-Каменогорск и ВКО

ШҚО-да жетім балалармен жұмысты жетілдіру мәселесі талқыланды

Семей қаласында кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтіп, жетімдер үйін дамыту мәселесі қаралды
23 мамыр 2019 года, 13:29 385 Устинка Live
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Новые формы работы с детьми-сиротами обсудили в ВКО
Ақпарат көзі: © Устинка LIVE Фото: © Пресс-служба акима ВКО

Шығыс Қазақстанда он жылдың ішінде ата-аналардың қарауынсыз қалған балалардың саны 4 жарым мыңнан 2700-ге дейін азайған. Нәтижесінде 11 балалар үйі жабылып, жетім балалар интернаты мектептерге орналастырыла бастады.

Қазіргі уақытта жетім балаларға арналған 11 мекемеде 800-ге жуық бала тәрбиелеп жатыр. Ал 1900-ден астамын қайырымды жандар асырап алған. Соған қарамастан, жетім балалардың саны жағынан Шығыс Қазақстан облысы елде бірінші орында тұр. Одан кейін Қарағанды мен Алматы облыстары тұр.

Осы жылы облыс әкімі Даниал Ахметов балаларды қолдауға арналған Орталықтың ашылуына себепкер болған еді. Жаңа шүлбі балалар үйінің жанынан ашылған орталықта жетім балалармен қатар ауыр жағдайда қалған балалар мен отбасыларға да қолдау көрсетуге дайын.

- Дегенмен бала үшін ең қажеттісі отбасы мен жанұя екендігін жақсы түсінеміз. Осы бағытта жұмыстар жасалып жатыр: оларға жанұя табуға тырысып жатырмыз. Азаматтар осы бес жылдың ішінде 1200-ге жуық баланы бауырына басты. Қазір жетімдер үйінде қалған балалардың саны 800-ге таяу, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

ШҚО-да жетім балалармен жұмысты жетілдіру мәселесі талқыланды
ШҚО-да жетім балалармен жұмысты жетілдіру мәселесі талқыланды
ШҚО-да жетім балалармен жұмысты жетілдіру мәселесі талқыланды
ШҚО-да жетім балалармен жұмысты жетілдіру мәселесі талқыланды

Загрузка...

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз